Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының АХАТ бөлімінің 2017 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебі

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы сәуір айының 17 –күні № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Стандарттарына сәйкес  Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының АХАТ бөлімі азаматтық хал акті жазбаларының 9  түрінен мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде:
- «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
- Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу»;
- «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер
немесе анықтамалар беру»;
- «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
енгізу»;
- «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу»;
- «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
- «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
- «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
- «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу».
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының АХАТ бөлімі 2017 жылдың 9 айында  17 832 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде    2 791 - баламалы негізде АХАТ бөлімінде, 13 176 - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы», 1 865 – «Электронды үкімет» порталы арқылы.
     Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының АХАТ бөлімінде 2017 жылдың 9  айында 10 158 азаматтық хал акті жазбалары тіркелді, оның ішінде:  3 934 - туу туралы,  1 984 - қайтыс болу туралы,  2 815 - неке қию туралы, 891 - неке бұзу туралы, 270 - әке тану туралы, 55 – бала асырап алу туралы, 209 – атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы.
     Жалпы, 2017 жылдың 9  айында  АХАТ бөлімінде 16 549 жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері қаралды, оның ішінде:  10 158 -  азаматтық хал акті жазбалары, 1 577 – азаматтық хал акті жазбаларына түзетулер, толықтырулар және өзгертулер енгізу туралы күрделі істер бойынша,  4 814 – жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері (Минск Конвенциясы бойынша 281  анкета).
    Есепті мерзімде АХАТ бөліміне Минск Конвенциясы аясында 529 сұраныстар түсіп, заңда көрсетілген мерзімде орындалды.
        Азаматтық хал акті жазбаларын тіркеу үшін 18 405 995-00 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы алынып, мәліметтер Қарағанды қаласы мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.
     Халыққа сапалы құқықтық  қызмет көрсету мақсатында қолданыстағы неке және отбасылық заңдылықтардың талаптары бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы»-ның бөлімдерінде АХАТ бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес есепті мерзімде 2 семинарлық сабақтар өткізілді.
    Есепті мерзімде азаматтық хал акті жазбаларынан 7 670 қайталама куәліктер және мұрағаттық анықтамалар берілді, оның ішінде 3 332 –қайталама куәліктер, 4 077 – анықтамалар, 261- түсіндірме хаттар берілді.

 

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»