Аудан әкімінің есептік кездесулері

Халық тіршілігінің сапасы - дамудың кепілі

Өткен 2016 жыл Қазақстан Республикасы үшін ерекше де, тартымды жыл болды. Еліміз болып, көп ұлтты Егемен мемлекетіміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы - ұлы мерекесін атап өттік. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен қиындықтарды жеңіп қана қоймай, жүйелі ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттердің жетістігі болып табылатын  макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуші жүйелі түрдегі реформалар жүзеге асырылды.
«Қазақстан -2030», «Қазақстан - 2050» стратегиялары Тәуелсіздікті нығайтудың басты мақсаттары мен міндеттерін нақты көрсетіп берді. «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы және «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам»- Ұлт жоспары ел Президентінің қойған міндеттеріне байланысты қазақстандықтардың бірігуі мен топтасуының қуатты факторы болып табылады.
Біздің облысымыз 2016 жылы өзінің құрылғанына 80 жыл мерей тойын атап өтті.    
Еліміздің, облысымыздың және қаламыздың жетістіктеріне сүйене отырып Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданның да қарқынды дамуы жалғасуда.

Инфроқұрылымдардың дамуы

2017ж.17.01. жағдайы бойынша Қазыбек би атындағы ауданда 273300 адам тұрады, аудан аумағы 23,1 мың гектарды құрайды. 2016 жылы ауданымызда әлеуметтік маңызы бар құрылыстар бойынша жұмыстар жалғасын тапты, 320 орындық «Шаңырақ» атты мемлекеттік балабақшасы өз есіктерін айқара ашты, «Кең дала» шағын ауданында 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп салынды. 2016 жылы 172866 шаршы метр баспана пайдалануға берілді, өткен 2015 жылмен салыстырғанда 11 % артық, оның ішінде бюджеттік қаражаттар есебінен 32193 шаршы метр тұрғын үй берілді. «Өңірлердің 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында баспананы келешекте сатып алу мен жалдау және жеңілдікпен несие беру тетіктерін пайдалануға орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға зәру есебінде кезекте тұрғандар санатынан 218 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.
Көптеген автожолдардың күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, айтар болсақ, Ленин көшесі толық қайта жаңғыртылды, бұл нысанда Қарағанды облысы бойынша Поспелов көшесінде (ҚарМТУ бірінші корпусының алдында) қазіргі заманның талаптарына сәйкес, ПМА борпылдақ мастикалық асфальт бетоны сынақ мақсатында төселді.     Шахтерлар даңғылынан Приканальная көшесіне дейінгі Бөкетов көшесінде (екінші кезек) автомобиль жолдарын салу жөніндегі жұмыстар аяқталды, «Федоров» жол құбырында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Республика даңғылы  бойынша орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.  Вокзал маңы алаңы, Мұқанов, Әлиханов, Язев, Сәтбаев, Зональная,
Б. Момышұлы,  Гапеев,  Волгодонская,  Баженов, Прогресс, Крылов,  Космонавтар, Молоков көшелері мен Н.Әбдіров даңғылы (шағын жолақ) жөнделді. Тұтас алғанда -    35,5 км жол жөнделді.
Ірі инвестициялар тартумен шағын және орта бизнес нысандарын дамыту және салу жалғасын табуда:  «Қарағанды нан корпорациясы»  ЖШС макарон өнімдерін өндіру, «ISS Engineering» ЖШС құбыр панельдерін дайындау жөніндегі желі іске қосылды, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС фармацевтикалық қоймасы пайдалануға берілді, «Алтын арба» сауда-фермерлік орталығы салынып және өзге де нысандар іске қосылды. Бұл жетістіктер бізге жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, тұрғындардың жайлы және ыңғайлы тұрмысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жаңа салық түсімдері есебінен бюджеттің ұлғаюына алып келеді.

Ауданды абаттандыру

Жыл сайын қалалықтардың салауатты өмір сүруі және  демалысын өткізу үшін демалыс орындары көбеюде. Аудан тұрындарына жайлы жағдай жасау мақсатында есептік кезеңде жергілікті бюджет қаражаты есебінен Волочаевская көшесі, 39 үйдің ауласы абаттандырылды. Бұл аталған үйдің «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» республикалық бағдарламаға қатысу мүмкіндігінен туды. Аумақ асфальттанды, тас жиектер орнатылды, жер тегістелді, балалар алаңы мен спорт тренажерлары орнатылды, футбол алаңы жаңғыртылды,  қылқан-жапырақтылар және жапырақты ағаштар егілді, газон төселді, жарықтандыру бойынша жұмыстар атқарылды, көліктердің автотұрақтарға кіруі жайлы да ыңғайлы болды. Ағымдағы 2017 жылы төрт аула аумақтарын абаттандыру-бағдарламаның үй қатысушылары мен Академиялық музыкалық комедия театрының гүлзарын қайта жөндеу жоспарланып отыр.
Аудан жағдайының маңызды саласы - санитарлық жағдайды лайықты деңгейде қамтамасыз ету үшін қомақты жұмыстар атқарылды. Көктемгі-күзгі кезеңде  аумақтарды санитарлық тазалау бойынша айлықтар өткізілді. Аудан тұрғындары бұл шараларға оң көзбен қарап, ауданымызды тазалау үндеуіне бірлесіп ат салысты. Оған 177 000 адамнан астам қатысқан 12 сенбілік өткізіліп, 6800 астам ұйым, 114 бірлік техник жұмылдырылды. 2900 м3 астам қоқыс шығарылды. Күзгі-көктемгі кезеңде 2000-нан астам жасыл желек егілді.
Ағымдағы жылы рұқсат етілмегенқоқыстарды жою бойынша жұмыстар жүргізілді, 5690 м3 қоқыс шығарылды. Одан басқа дезинсекциялар мен дератизацияларды алдын алудың кешенді шаралары өткізілді.
«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ апатты ағаштарға ерекше көңіл бөлуде, «Асар KZ» ЖШС мердігерлерімен 3200 ағаш кесілді және 240 данасы шабылды, ауданның эстетикалық келбетін ұстау мақсатында көлемі 225 мың шаршы метрден астам шөп шабу бойынша жұмыс іске асырылды.Қысқы кезеңде тұрақты негізде аула аумақтары мен кіру жолдарын тазалау жүргізілді – 14289 тонна қар шығарылды.
Ауданның 161 көшесінде автомобиль жолдарын, әлеуметтік нысандар, 65 жүргін және кіреберіс жолдарды күтіп ұстау қызметтері қарастырылған. Бұларды атқарумен «Көркейту» КМК айналысады, оған негізгі жүру жолдары ғана емес, сондай-ақ тұрақтарды, аялдама қалталарын, жаяу жүргін және техникалық тротуарларды тазалау жөніндегі кешенді  шаралар жатады.
Сонымен қатар, 2016 жылы Кривогуз көшесі бойындағы нөсер кәріздерін тазалау, Мұқанов-Тәттімбет көшелерінің, Орбита ықшам ауданы  қиылысын қалпына келтіру («Карагандинец» дүкені) бойынша жұмыстар атқарылды. Көрсетілген іс-шаралар  барысында көктемгі кезеңде кәріздің өткізу қабілеті артады, автожолдар мен тұрғын үйлерді су басу қаупін  төмендетеді.
2016 жылы құрылған жергілікті полиция қызметімен бірлескен жұмыс белсендірілді. «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ қызметкерлері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, абаттандыру қағидаларының бұзылуын анықтау бойынша жұмыстарды аудан аумағында тұрақты негізде жүргізеді. 2016 жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабын бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы  3135 хаттамсы құрылды. Сонымен қатар 2943 ескерту хаты мен ұйғарымы шығарылды.

Ауданды тіршілікпен қамтамасыз ету және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері

Біздің жұмыстарымыздың басты  бағыттарының бірі - ауданның аула аумақтарын абаттандыру және аудан тұрғындарын жылумен, сумен, электрмен, газбен үзіліссіз қамтамасыз ету болып табылады. Ауданның тұрғын қоры 1487 көпқабатты үйлерден тұрады,  оның ішінде 1418 үй орталық жылу қазандығынан жылытылады, 5 үй жеке қазандықпен  және 64 үй жылыту пешін қолданады.
2016-2017 жылғы жылыту маусымына барлық үйлер уақытылы  қосылды және жылумен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Шахтерлер даңғылы – Республика даңғылы жылу тораптары учаскелері ауыстырылды. Облыстық бюджет есебінен бөлінген «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Ермеков көшесінен Газалиев көшесіне дейін жылу тораптарының учаскелері ауыстырылды. Сондай-ақ,  тарифтық смета шегінде 14313 қ.м (қума метр) жылу торабының құбырлары ауыстырылды, оның ішінде 1063 қ.м. магистральды тораптар, 13250 қ.м. таратушы тораптар.
Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Гоголь көшесінде, Сәтбаев көшесінен Гудермесская көшесіне дейін құбыр  ауыстырылды. Жұмыстар инновациялық көлденең-еңістік бұрғылау әдісімен жүргізілді, бұл жол полотноларын толық ашып тастамауға мүмкіндік береді.  24,4 шақырым су құбыры ауыстырылды, суқұбыры торабындағы 629 апаттар жойылды.
2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 3850 м кәріз жүйесі ауыстырылды, ал өз қаражаттары есебінен «Қарағанды Су» ЖШС-мен  4,8 км кәріз тораптары және 450 м бас коллектор жаңартылды (Ермеков көшесі).  Кәріз тораптарындағы 12 707 кептетіліс жойылды, 58,4 шақырым кәріз торабы жуылып тазаланды.
2016 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС 64,16 шақырым электр торабы ОТП (орталық тарату пунктері) және 89 КТШ (кешенді трансформаторлық шағын станциялар) алмастырылды.
Есептік кезеңде аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан  халықпен жұмыс күшейтілді. Қазіргі уақытта ауданда 83 ПИК, 13 ЖШС, 10ЖК, 373 ТӨБ (тікелей өзін-өзі басқару), 55 ҮБ(үйлерді басқарушы) бар.
Ауданның халқымен 243 жиылыс өткізілді (2015 жылы-130), өткізу барысында негізгі мәселенің бірі кондоминимум басқару түрін құру мәселесі болды. Ауданның жеке секторлық тұрғын үйлері  тұрғын үй секторының екінші құрамы болғандықтан, бұл өзекті мәселе. Егер 2015 жылы  1078 үй заңды басқаруға жатса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 1175 үйге жетті.
Алайда, 312 үйдің басқару түрі заңды ресімделусіз қалып отыр, бұл тұрғындардың тіршілікпен қамтамасыз ету жағдайына теріс әсерін  береді. Алдағы уақытта осы мәселемен жұмыс жалғастырылатын болады.
Қоқыстарды және қарды уақтылы шығару бойынша жеке үй иелерімен жұмыс жүргізілді, ауданда 11 мыңнан астам жеке үй бар.

Халықпен өзара әрекет

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ азаматтық хал актілерінің 9 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Барлығы бір жыл ішінде 23 878 бірлік мемлекеттік қызмет көрсетілді, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 22% көп. Соның ішінде  5 602 қызмет альтернативті негізде азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімінде көрсетілді. 16 237 қызмет– «Халыққа қызмет көрсету» департаментінің бөлімдері арқылы және 2039 қызмет- «Электронды Үкімет» порталы арқылы көрсетілді.
Есептік кезеңде халыққа қымет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қарағанды облысы бойынша «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорация» ҰАҚ филиалының – «Халыққа қызмет көрсету» департаментінің бөлімдерінде 5 оқыту семинары өткізілді. Әуреге салмау, сұрауларды орындау мерзімін бұзуды және адамдардан артық құжаттарды талап етуді болдырмау бойынша шаралар қолдануда.
Әкімнің халықпен жыл сайынғы есептік кездесуі ауданның істері жағдайына оң әсерін тигізеді. 2016 жылы 68 өтініш түсті, оның ішінде кездесу барысында 30 өтінішке жауап берілді, 25 өтініш есептік кезеңде орындалды, сонымен қатар аудан тұрғындарынан 12 алғыс хат түсті.
2016 жылы аудан әкімі аппаратында азаматтардан келіп түскен өтініштер саны- 958, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 198 өтінішке аз.
Үкімет, облыс әкімі және қала әкімі блогы арқылы 257 өтініш тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда (2015ж. – 201) 56 өтінішке көп, бұдан шығар қорытынды қазіргі ақпараттық технологияларды пайдаланудың белсендірілгені байқалады.
Аудан әкімінің және орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы- жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес өткізіледі. Есептік кезеңде аудан әкімі аппаратынының жеке қабылдауында 120 адам болды.
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданда тұрақты негізде әрекет ететін кәмілетке толмағандар  істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданда тұрақты негізде әрекет етеді. 2016 жылдың отырыстарында кәмілетке толмағандарға қатысты мәселелерді шешу бойынша 45 материал қарастырылды.
Даулы мәселелерді сотқа дейін шешу мақсатында тұрақты негізде кәсіпқой емес медиаторлардың тізбесі жүргізіледі, оны 6 адам құрайды. «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ мен № 2 Қазыбек би аудандық сотының арасында жасалған меморандум шеңберінде медиатор кабинеті ашылған және жұмыс істейді.
Тұрғындармен жұмыста үлкен рөлді  қоғамдық Кеңес және жергілікті өзін-өзі басқару Кеңесі іске асырады. Мәселелерді шешу үшін 8 аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі құрылған, оның құрамына қалалық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, ПИК төрағалары, қоғамдық қайраткерлер және белсенді азаматтық ұстаныммен тұрғындар кірді. Қоғамдық Кеңестің және жергілікті өзін-өзі басқару Кеңесі тұрғындармен конструктивті диалогты тиімді реттеуге және тіршілікпен қамтамасыз ету және абаттандырудың нақты міндеттерін бірге шешуге мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

 Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанда бектілген №986 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ тиісті Жоспар әзірлеп, дайындады, осыған сәйкес есептік кезеңде келесі жұмыстар атқарылды: 
-Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды оқыту бойынша, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Қарағанды облысының мемлекеттік қызметтер істері жөніндегі департаментінің өкілдері және Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының қатысуымен алты семинар өткізілді.
Аудан әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілері жыл сайын және уақтылы кірістер туралы декларацияны тапсырады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына ақпараттық стенд рәсімделді, әкімнің және оның орынбасарларының жеке қабылдауы бойынша жұмыс жүргізіледі, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін почта жәшігі орналастырылған.  
- № 8(7212)300771 сенім телефоны орнатылған, оған ауданның кез келген тұрғыны хабарласа алады, веб-сайт жұмыс істейді.
- «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттестациялауға дайындық жүргізіліп жатыр.

Аудандағы қауіпсіздік

«Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Елбасының қойған міндеттерін іске асыруда 2016 жылдан бастап, жаңа қоғамдық институт – жергілікті полиция қызметі құрылды, ол жергілікті және өкілетті органға есеп береді және белгілі міндеттер мен өкілдіктердің шеңберінде құрылған.  Мекенжай-ескерту жұмысын белсендіру бойынша талаптар едәуір күшейтілген. Учаскелік инспекторлардың негізгі күші есепке алынған, тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жүргізуге,  құқыққа қарсы әрекеттер жасауға бейім, сонымен қатар азаматтарға барып, аула және пәтерлерді аралау жүргізуге бағытталған. Осы тұлғалармен сол орында тиісті алдын алу жұмыстары ұйымдастырылған.
Жергілікті полиция қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі қоғамдық орындар, оның ішінде көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмысқа жол бермеу және оның алдын алу болып табылады.
Қазыбек би ауданы бойынша қылмыстық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде 60 шұғыл-профилактикалық іс-шаралар («Нөлдік төзімділік», «Наркотиксіз көше», «Заңды сақтау», «Профилактика» және т.б.) өткізілді.
Статистикаға көз жүгіртсек 2016 жылы аудан бойынша қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық істер саны 2735-ке, яғни 2015 жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға кемігенін байқауға болады. Қазыбек би ауданының көшелерінде жасалған қылмыстық істер көрсеткіші -944, 2015 жылмен салыстырғанда бұл  көрсеткіш 22,6 пайызға кем.
Ішімдік тауарларын сатуға байланысты заңдылықтарды бұзу бойынша тұрғындар арасында тұрғылықты түрде жұмыстар жүргізіліп отырады. Қоғамдық орындарда ащы сусындарды пайдаланғандары үшін 2644 адам жауапкершілікке тартылды, бұл көрсеткіш те, яғни мас түрінде қылмыс жасау фактілерінің 22,9 пайызға азайғандығын  көрсетеді.
Сөз жоқ, жан-жақты ұйымдастыру және тәжірибелік шараларды оңтайлы жүргізу жұмыстарының нәтижесі тәртіптік құқықтың жалпы жағдайына оң әсерін тигізді.  Аудан бойынша криминогендік жағдай тұрақты. 

Әлеуметтік сала

Жұмыстың тағы бір маңызды саласы, ол- әлеуметтік сала. 2017 жылдың 17.01жағдайы бойынша ауданда 43528 зейнеткерлер, 66 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 4247 тыл ардагерлері, 2254 көп балалы отбасы, асырауынан айрылу жәрдемақысын алатын 4924 адам, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленетін 17495 адам тұрады. Тұрғындарға көмек көрсету бойынша ауданда 28 медициналық мекемелер,оның ішінде – 4 облыстық диспансер (онкологиялық, психоневрологиялық, наркологиялық, балалар психоневрологиялық) жұмыс істейді. Аудан әкімінің аппараты ардагерлер Кеңесі, Қазыбек би атындағы аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы және қолдаушылардың көмегімен тұрақты түрде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, ауданның көп жасаушы тұрғындары, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға тұрғылықты түрде көңіл бөліп тұрады.
Өткен жылы 16 көп балалы аналар «Алтын Алқа»  және «Күміс Алқа» төс алқаларымен марапатталды.
Аппарат қызметкерлері демеуші ұжымдар мен кәсіпорындардың көмегімен соғыс ардагерлерін туған күндерімен және барлық мемлекеттік мерекелер қарсаңында құттықтау жұмыстарын  тұрғылықты түрде жүргізіп отырады.  Бұл дәстүр 2017 жылы да өзінің жалғасын табады.
Аудан әкімінің тағы бір оңтайлы ісі, ол- мемлекеттік мерекелер қарсаңында жас босанған аналарды  жаңа туылған нәрестелердің өмірге келуімен құттықтап, туу туралы куәліктері мен сыйлықтар тапсыру.     
Қоғамымызда кеңінен атап өтілетін мерекелердің бірі- «Наурыз» мерекесін тойлау.
2016 жылы «Наурыз мерекесі»   алғаш рет Достар Үйінің алаңында өтті, 6 кигіз үй және 7 палатка орнатылып, 500 ден астам көп балалы отбасылар, балалар үйінің және мүгедек балалар демеушілер ұйымдастырған қайырымдылық асқа шақырылды.
2016 жылдың 28 желтоқсанында Балалар мен Жасөспірімдер сарайында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі мен аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының қайырымдылық Жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жыл мерекесіне мүгедек, жетім балалар орналастырылған «Лучик Надежды», «Арман», «Қамқор», «Үміт» сияқты қоғамдық бірлестіктер мен көп балалы отбасында тәрбиеленуші,  барлығы 250 бала қатысты.
2017 жыл айтулы мереклер мен мерейтойларға толы:  «ЭКСПО-2017» арнайы халықаралық      көрме Астана қаласы, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017, ауданымыз есімін мақтанышпен атайтын қазақ халқының ұлы кемеңгері- Қазыбек бидің 350 жылдығы. Үстіміздегі жылы тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік  рәмізінің бекітілгеніне  25 жыл толу мерекесін атап өтеміз.
«Ұлт жоспары- қазақстандық мақсатқа жетудің жолы» Мемлекет басшысы мақаласында атап өткендей: «Және ең бастысы – біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік».
Іс-шаралар мен әрекеттердің нақты бағдарламалары құрылған, ал ең бастысы – келешекте біздің ілгері дамуымыздың кепілі болып табылатын тұрғындарымыздың қолдауы  мен зор мүмкіндігіміз және әлеуетіміз бар.

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»