Обновление 21 Сентября (08:47)

Аудан әкімінің есептік кездесулері


Аудан тұрғындарының игілігі үшін

Өткен жылды қорытындылай келе жергілікті атқарушы биліктің барлық қызметі ел Президенті, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Үшінші жаңғырту: жаҺандық бәсекеге қабылеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының, «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының аясында өтіп жатқанын айта кету қажет. Бүгінде елімізде 100 нақты қадам - ұлттық жоспары табысты жүзеге асуда, өткен 2017 жылдан Қазақстанның 3-ші жаңғыруы бастамасын тапты, сонымен қатар, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асуда. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы ғана емес, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары да жасалды.

Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында қоғамдық сананы ауқымды жаңғырту сөз болды.

Осы міндеттерді аймақ көлемінде шешуде облыс орталығының өндірістік, мәдени ошағы, 2017 жылы 350 жылдығы аталып өткен, қазақ ойшылы Қазыбек бидің атындағы ауданның қосар үлесі зор. Оған дәлел- өткен жылдың қорытындылары.

Инфроқұрылымдардың дамуы

2017 жылы ауданымызда маңызды инфрақұрылым құрылысы жұмыстары жалғасын табуда: Приканальная көшесі бойынша Республика даңғылынан Тәттімбет көшесіне дейін автомобиль жолдары құрылысы және Гоголь көшесі бойынша (Гудермесская көшесінен 7-ші магистральға дейін) автомобиль жолдарында күрделі жөндеу бастау алды. Ауданның жеке сектор жолдарының көп бөлігінде жалпы көлемі 48,9 км құрайтын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жеке бизнестік бастамалар, жаңадан ашылған және жұмыс істеп тұрған өндірістер мен т.б. сауда нысандары есебінен бизнес пен сауда саласында, оның ішінде кіші және орта бизнесті дамыту динамикасында да оң істер байқалады. 2017 жылы аудан бойынша сауда және қызмет көрсету бойынша 14 нысан ашылды, бұл жетістіктер бізге жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ салық түсімдері есебінен бюджеттің ұлғаюына алып келеді. «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында ТҚЖБ (тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) саласы бойынша ауданда 285 отбасы, оның ішінде кезекте тұрған және «Қазақстан Жилстройсбербанк» АҚ салымшылары баспанамен қамтамасыз етілді, сонымен қатар 2018 жылдың аяғына дейін «Панель-центр» ықшам ауданында 761 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінгі күнде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Панель-центр» ықшам ауданында 24 қабатты 1344 пәтерді құрайтын жеті көпқабатты үйлердің құрылысы жүргізілуде, құрылыстың аяқталу мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айы деп күтілуде.

Ауданды абаттандыру

Қалалықтардың салауатты өмір сүруі үшін демалыс орындары жыл санап көбеюде. Аудан тұрындарына жайлы жағдай жасау мақсатында есептік кезеңде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауданда абаттандырылған ірі нысандар, ол - саябақтар және «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламаға қатысу мүмкіндігін алған аула аумақтары болды. Академиялық музыкалық комедия театрының іргелес аумағындағы көрікті саябақ, аудан тұрғындарының кешкі мезгілде серуендеуіне бағытталған сүйікті орынға айналды, 4 аула аумақтары өз тарихында алғаш рет абаттандырылып, жаңа көрікке ие болды. Аумақ асфальттанды, тас жиектер орнатылды, жер тегістелді, балалар алаңы мен спорт тренажерлары орнатылды, футбол алаңы жаңғыртылды, қылқан-жапырақтылар және жапырақты ағаштар егілді, газон төселді, жарықтандыру бойынша жұмыстар атқарылды, қонақ тұрағы және көліктердің автотұрақтарға кіруі жайлы да, ыңғайлы болды. Мұның бәрі осы аула тұрғындарының «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасына қатысуының арқасында жүзеге асырылды.

Сонымен қатар облыс және қала әкімдіктерінің қолдауымен сегіз шағын саябақтар абаттандырылды. Әр шағын саябақ өзінің әдемілігімен ерекшеленеді, мысалы, Шахтерлер даңғылы мен Республикалар даңғылындағы шағын саябақ, ол- Махаббат саябағы, себебі, саябаққа орнатылған әрбір элемент, атап айтқанда жүрек орналасқан аяқты орындықтар, жаңа отау иелеріне арналған «Бақыт тілейміз», - деп жазылған экспозициялық орындықтар, жүрек белгісіндегі үлкен арқа, мұның бәрі махаббат тақырыбынан сыр шертеді. Кривогуза көшесі мен Охотская көшелерінің бойындағы шағын саябақта «Татуласу орындықтары» орналасқан, бұл - қаламыздың өте әдемі де романтикалық қонақжайлы орны. Ленин көшесі, 49 мекен-жайдағы шағын саябақта буккроссингтік процесс- ең қарапайым әрекеттен тұрады: «оқыдың ба, басқа біреуге ұсын». Алғаш рет үйлерде QR кодтары және пошталық индексі көрсетілген жаңа инновациялық аншлагтар орнатылды, енді тәуліктің қараңғы мезгілінде де люминесцентті жарықтандырудың арқасында үйлердің нөмірлері айқын көрініп тұратын болады.

2017 жылы жалпы аумағы 15 000 га құрайтын 12 сенбілік және 13 санитарлық бейсенбілік күндері өткізілді. Көктемгі-күзгі кезеңде аумақтарды санитарлық тазалау бойынша айлықтарға 87 000 адам қатысқан 3000 астам ұйым тартылды, сенбілік аясында жалпы көлемі 2700 м3 құрайтын 30 рұқсат етілмеген қоқыстар шығарылды, 3200-тен астам жасыл желек егілді, сонымен қатар 200 бірлік техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, өткен 2017 жылы «Туған жер» бағдарламасы негізінде компаниялардың белсенді қатысуының арқасында ол ауланы абаттандыру, Федоровка су қоймасы аумағын тазалау және жасыл желектер егілген 8 жоба жүзеге асырылды.

«Елді мекендерде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 4347,2 м3 құрайтын 14 рұқсат етілмеген қоқыстар шығарылды.

Одан басқа дезинсекциялар мен дератизацияларды алдын алудың кешенді шаралары өткізілді.

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ апатты ағаштарға ерекше көңіл бөлуде, 1200 ағаш кесіліп, 600 ағаш шабылды, сонымен қатар, ауданның эстетикалық келбетін ұстау мақсатында көлемі 300 мың шаршы метрден астам шөп шабу бойынша жұмыс іске асырылды. Қысқы кезеңде тұрақты негізде аула аумақтары мен кіру жолдарын тазалау жүргізілді – 207 866м3 қар шығарылды.

Ауданның 161 көшесінде автомобиль жолдарын, әлеуметтік нысандар, 65 жүргін және кіреберіс жолдарды күтіп ұстау қызметтері қарастырылған. Бұларды атқарумен «Көркейту» КМК айналысады, оған негізгі жүру жолдары ғана емес, сондай-ақ тұрақтарды, аялдама қалталарын, жаяу жүргін және техника жолдарын тазалау жөніндегі кешенді шаралар жатады.

Ауданның санитарлық жағдайы мен аумақты абаттандыру мәселесі Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі қызметінің басымдылығы болып табылады. «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ қызметкерлері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен және басқару органдары бірлескен мобильді топтың жұмысы жүйелі түрде абаттандыру қағидаларының бұзылуын анықтау бойынша жұмыстарды аудан аумағында тұрақты негізде жүргізеді.

Қарағанды қаласының сыртқы келбетін одан әрі жақсарту мақсатында аула аумақтарын абаттандыру, абаттандыру саласында қолданыстағы саясатты тәжірибе жүзінде жүзеге асыру, сонымен қатар, тұрғындардың демалуына қажетті жағдайларды жасау үшін 2018 жылға 50 аула аумақтарын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланды (Жаңа қала секторы бойынша 18, Михайловка секторы бойынша 12, Оңтүстік- Шығыс, Федоровка секторлары бойынша 20 аула аумақтары). Аулаларды абаттандыру жоспарына келесі элементтерді орналастыру белгіленді: асфальт төсеніштерін қалпына келтіру, тас жиектерді, жасанды жер төсеніштерін орнату, көліктерге арналған автотұрақтарды орналастыру, қоқыс жәшіктерін, демалыс орындықтарын, жарықтандыру тіректерін орнату.

Келесі жылы 4 саябақты абаттандыру жоспарланып отыр (Шапағат ы.а., өлкетану мұражайы алаңы, Гапеев көшесі, 5 үй, Карбышев көшесі, 12 мекен-жайдағы иттерді серуендетуге арналған алаң).

Саябақты абаттандыру жоспарының құрамына кіретін элементтер: тас жиектер, көліктерге арналған автотұрақтар, жаяу жолдарды орнату, жарықтандыру тіректерін, қоқыс жәшіктерін, демалыс орындықтарын (жарамсыз ағаштарды кесіп, жаңа ағаштар, газондық шөптер отырғызу); көпжылдық гүлдер отырғызу, жасанды жер төсеніштерін, экспозициялар орнату.

Сонымен қатар, 7 шағын саябақтар абаттандырылатын болады (Университетская көшесі, 29, Мұқанов көшесі, 94, Орбита ықшам ауданы, Язев көшесі, 13а, Күнгей ықшам ауданы, Осевая, Ержанов көшесі,30).

Саябақты абаттандыру жоспары бойынша орналастырылатын элементтер: тас жиектер, тротуарларды орнату, жарықтандыру тіректерін, қоқыс жәшіктерін, демалыс орындықтарын (жарамсыз ағаштарды кесіп, жаңа ағаштар, газондық шөптер отырғызу); көпжылдық гүлдер отырғызу, жасанды жер төсеніштерін, экспозициялар, қоршаулар орнату.

2018 жылы тұрақты түрде аудан аумақтарын ұстау, рұқсат етілмеген қоқыстарды шығару, дератизация және дезинсекция, сонымен қатар іздеуі жоқ мәйіттерді көму бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жоспарлар құрылды.

Ауданды тіршілікпен қамтамасыз ету және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері

Ауданды тіршілікпен қамтамасыз ету саласы бойынша аудан әкімдігі қызметінің бағыттарының бірі - ауданның аула аумақтарын абаттандыру және аудан тұрғындарын жылу, су, электр жарығы, газбен үзіліссіз қамтамасыз ету болып табылады.

2017-2018жж. жылыту маусымына дайындық кезінде жұмыстың сапалы жүруі үшін әр аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі аппаратында ПИК, ЖШС, қызмет көрсетушілер, қызметті жүргізуші өкілдерімен бірлескен штаб отырысы өткізіліп, онда коммуналдық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, күн сайын аппарат қызметкерлері өздерінің шағын учаскелерінде «Теплотранзит Караганда» ЖШС өкілдерімен жылыту маусымының өтуіне бақылау жасап, жылу тасымалдағыш параметрлердің тұрақтылығы жөніндегі мәселелерді шешті. Тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау жүйелерін жақсарту үшін басқару органдарының ұйымдастыруымен 27 үйде ішкі жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізілді, 39 жаңа элеваторлық, 44 жылу тораптары орнатылды, 19 электрлік тақталар ауыстырыллды.

Жалпы айтқанда, көпқабатты үйлерге жылу беру тұрақты түрде өтті. Бүгінгі күні орталық жылу жүйесімен 1429 үй қамтылған. Сондай-ақ, аудан көлемінде 4 АЖЖ-нен (автономды жылу жүйесі) жылынатын 8 үй бар. Бұл үйлер аудан әкімі аппаратының ерекше бақылауындағы үйлер.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ негізгі бағыттарының бірі көпқабатты тұрғын үйлердің барлығында кондоминимум обьектісінің басқару органдарын құруға қол жеткізу.

Өткен жылы аудан әкімі аппараты қызмет көрсетуші басқару органдарының, сонымен қатар «Теплотранзит Караганда»,«Қарағанды су»,

«Горкомтранс» коммуналдық қызметі және Қарағанды қаласының ІІБ МПҚ өкілдерімен бірлесе отырып, 425 тұрғын үйде 527 жиылыс өткізді. Соның қорытындысы ретінде бүгінгі күні «Луч-2016», «Тышкамбаева», «Фесенко», «Иманбеков» ЖК, «ОДИС» ЖШС, «Дом» ПИК құрылса, 54 иесіз көпқабабтты үйлер заңды басқару формаларына ие болды. 2018 жылдың басты мақсаты қалған иесіз үйлерде заңды басқару формаларының болуын қамтамасыз ету.

2017 жылы Құрылысшылар даңғылы бойынша «12 месяцев» дүкенінен «Арай» базарына дейін ұзындығы 0,985 км, сондай-ақ, Кеншілер даңғылы бойында («12 месяцев» дүкенінен Республикалар даңғылына дейін) магистральді жылу тораптары ауыстырылды, нәтижесінде 65 нысан орталық жылу жүйесіне қосылып, 28 ықшам ауданында жылумен қамтамасыз ету қызметінің сапасы жақсарды.

Сумен қамтамасыз ету саласында Гоголь көшесі бойындағы су құбыры ауыстырылды, бұл тұтынушыларды сумен жабдықтауда толық және қаланың перспективалық аудандарында су жоғалтуды 0,5%, аппатардың болу жағдайын 18% қысқартуға мүмкіндік туғызды.

 

Халықпен өзара әрекет

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ азаматтық хал актілерінің 9 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Барлығы, бір жыл ішінде 23 550 бірлік мемлекеттік қызмет көрсетілді, Оның ішінде 3522 қызмет альтернативті негізде азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде, 17645 қызмет– «Халыққа қызмет көрсету» департаментінің бөлімдері арқылы және 2383 қызмет- «Электронды Үкімет» порталы арқылы көрсетілді.

Әкімнің тұрғындармен жылсайынғы есептік кездесуі жұмыстың жүруіне оңды әсерін тигізеді.

Өткен 2017 жылғы кездесуде тұрғындардан 79 өтініш түсіп, оның 48 –не кездесу барысында жауап берілсе, 17 өтініш- есептік мерзімде орындалды, сонымен қатар аудан тұрғындарынан 14 алғысхат келіп түсті.

2017 жылы аудан әкімі аппаратына жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштердің саны-811 өтініш.

Үкімет және облыс, қала әкімдері блогы арқылы 324 өтініш тіркелді, ол былтырғы жылмен салыстырғанда (2016 ж.-257) 67 өтінішке көп. Бұл жаңа ақпараттық технология дамуынының көп ілгерілегенін көрсетеді.

2017 жылдың тамыз айынан бастап тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің қаралу жылдамдығын арттыру мақсатында ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен «Е-жалоба» бағдарламасының жобасы іске қосылды. Есептік кезеңде осы жоба арқылы 74 өтініш тіркеліп, онда көрсетілген барлық мәселелер шешімін тапты.

Аудан әкімінің және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдауы азаматтарды қабылдау кестесі арқылы өткізіледі. Былтырғы жылы 129 адам қабылдауда болды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданда кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөнінде тұрақты комиссия жұмыс істейді, 2017 жылғы кеңесте кәмелетке толмағандардың мәселелсін шешуге арналған 23 отырыс өткізілді.

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ мен № 2 Қазыбек би аудандық сотының арасында жасалған меморандум шеңберінде даулы мәселелерді сотқа дейін шешу мақсатында тұрақты негізде кәсіпқой емес медиаторлар қызметі жұмыс істейтін кабинет ашылды, оның құрамында 6 адам бар.

Тұрғындармен жұмыста үлкен рөлді - қоғамдық Кеңес және жергілікті өзін-өзі басқару Кеңесі іске асырады. Мәселелерді шешу үшін 8 аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі құрылған, оның құрамына қалалық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, ПИК төрағалары, қоғамдық қайраткерлер және белсенді азаматтық ұстаныммен тұрғындар кірді. Қоғамдық Кеңестің және жергілікті өзін-өзі басқару Кеңесі тұрғындармен конструктивті диалогты тиімді реттеуге және тіршілікпен қамтамасыз ету және абаттандырудың нақты міндеттерін бірге шешуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік сала

Тұрғындармен қызметтің тағы бір маңызды саласы, ол- әлеуметтік сала. Аудан әкімінің аппараты ауданның ардагерлер кеңесі, Қазыбек би атындағы «Нұр Отан» партиясының филиалы және меценаттармен бірлесе отырып Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, ауданның ұзақ өмір сүруші тұрғындары, әлеуметтік тұрмысы нашар адамдарға тұрақты түрде көңіл бөліп отырады.

Аудан әкімінің тағы бір оңтайлы ісі, ол- мемлекеттік мерекелер қарсаңында жас босанған аналарды жаңа туылған нәрестелердің өмірге келуімен құттықтап, туу туралы куәліктерін және сыйлықтар тапсыру.

2017 жылы 12 көп балалы аналар Мемлекет басшысының «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» төс белгілерімен марапатталды.

Қоғамымызда кеңінен атап өтілетін мерекелердің бірі- «Наурыз» мерекесін тойлау.

Осымен екінші жыл аудан тұрғындары үшін «Наурыз мерекесі» Достар Үйінің алаңында өтті, 8 кигіз үй және 7 палатка орнатылып, көп балалы отбасылар, Балалар үйінің және мүгедек балалар Демеушілер ұйымдастырған қайырымдылық асқа шақырылды.

2017 жылдың 29 желтоқсанында Балалар мен Жасөспірімдер сарайында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі мен аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының қайырымдылық Жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жыл мерекесіне мүгедек, жетім балалар орналастырылған «Лучик Надежды», «Арман», «Қамқор», «Үміт» сияқты қоғамдық бірлестіктер мен көп балалы отбасында тәрбиеленуші, барлығы 250 бала қатысты.

Қорыта келе, экономикалық, ғылыми-техникалық және рухани күшке бай Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан, Ел Президенті, облыс әкімі мен Қарағанды қаласы әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму және халықтың тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуға байланысты тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді сөзсіз орындай алатынына негіз бола алады.

Бұл өте маңызды да, себебі, 2018 жылы біз, сүйікті Астанамыздың 20 жылдығын, мемлекет қайраткері, ақын, облыс орталығындағы бас көшеге есімі берілген Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын атап өтпекпіз. Осы және басқа да даталы күндерді мерекелеу ұйымдастырылу және идеологиялық жағынан өте жоғары дәрежеде өтетініне сенімдімін, оған Қазыбек би атындағы аудан тұрғындары барлық күш- жігерлерін, білімдері мен біліктіліктерін арнайтынына сенімім зор.

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»