ЗАГС

     Адам баласы дүниеге келгеннен бастап, өзінің тууын тіркеп, өмір жолын АХАЖ органдарынан бастайды, әрі өмірінің маңызды сәттері: некеге тұру, балаларының дүниеге келуі және өмірінің соңғы сәтінде өмірден өтуі туралы акт жазбасын да Азаматтых хал актілерін тіркеу органдарынан алады, Яғни, мемлекетіміз үшін, еліміздің әр азаматы үшін де АХАЖ органдарының маңызды орын алатыны сөзсіз.
1940 жылы Қарағанды қаласының Ленин ауданының, 1969 жылы Совет ауданының АХАЖ органдары құрылды. 2000 жылы Совет ауданының және Ленин ауданының АХАЖ бөлімдері Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының АХАЖ бөлімі болып өзгертілді. Бүгінгі күні бұл АХАЖ бөлімі  Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» № 898 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  № 1397 қаулысына сәйкес Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы әкімі аппаратының бір  бөлімшесі болып табылады.
Қазіргі уақытта аталмыш мекемеде 4 маман өз қызметтерін абыройлы атқарып жүр. Адам баласының қайғысы мен қуанышын шын бөлісе алатын, адамгершілігі мол, өз қызметін бар тәнімен беріле атқаратын нағыз мамандар күнделікті қиын жұмысты өздерінің барлық күш жігері, білімі мен тәжірибесінің арқасында қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» стандартына сәйкес АХАТ бөлімімен мемлекеттік қызмет  азаматтық хал акті жазбаларының 9 түрінен  көрсетіледі. 2015 жылдың 5 айы мерзімінде  АХАТ бөлімімен 8054 қызмет көрсетілді. Оның 1055-і  «Неке қиюды тіркеу туралы»    мемлекеттік қызмет бойынша көрсетілді.

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»