Аудан туралы

ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ (Қаздауысты Қазыбек) (1667-1763) - Орта жүздің бас биі. Ол -қазақ пен қалмақ хандықтары атысып-шабысып тұрған жаугершілік заманда елшілікке жүріп, көршілес екі елдің арасын уақытша болса да бітімге келтірген парасатты мәмлегер. Қазыбек би замандастары Төле би, Әйтеке билермен бірге қазақ рулары мен тайпаларын Тәуке ханның қол астына топтастырып, туысқан қарақалпақ, қырғыз елдерімен одақ жасап, қазақ хандығының беделін көтерген. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек батырлармен бірге халық жасақта рын құрысып, жоңғар басқыншыларына қарсы халық-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі. Қазақ қауымының қарым-қатынасын реттейтін «Жеті жарғы» атты әдет-ғұрып заңдарының жинағын жасауға қатысты. Ол халықтың ақыл-ойын, ауыз әдебиетін, мәдениетін дамытуға игі ықпал жасаған. Өткір тілдігі мен шешендігі үшін Қаз дауысты Қазыбек атанды. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»