2017 жылдың 1 жартжылдықтың қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданның кәмілетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау істері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы Есебі

Кәмілетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау істері жөніндегі комиссияның жұмысы кәмілетке толмағандар арасында, құқық бұзушылықты, қадағалаусыздықты және қараусыздықты алдын алу және олардық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметін үйлестіруге бағытталған.

Комиссия жұмысының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 31 наурызға барлық жоспарланған іс-шаралар орындалды: 6 комиссия отырысы өткізілді, соның ішінде Қарағанды қ., Гудермесская көш., 137 үй мекенжайында тұратын, С.М. Уткинаның кәмілетке толмаған баласының тұратын мекенжайы бойынша шығумен 1 отырыс өткізілді.

12 жеке іс қаралды, соның ішінде: 7 ата-анаға қатысты, және 5 кәмілетке толмағандарға қатысты

Ықпал ету шарасы

Комисси яға түсті

Комисси я қанағаттандырды

С от қанағаттандырды

1.

Арнайы білім беру ұйымына жолдау туралы

3

2

1

2.

Ата-ана құқығынан айыру туралы

6

2

2

3.

Ата-ана құқығын шектеу туралы

1

2

2

4.

Кәмілетке толмағандарды ескерту

1

1

-

5.

Ата-аналарды ескертті

-

-

-

6.

Ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тартылды

-

1

-

7.

Кәмілетке толмағандарды кешкі оқуға жіберу

-

-

-

8.

«Облыстық психоневрологиялық диспансерге» қажетті емді алуға және кеңес алуға жіберілді

-

2

-

9. О

АКМ шығып кеткен, кәмілетке толмағандарды әлеуметтік реабилитациялау туралы

1

Талап етілмейді

Талап етілмейді

Одан басқа кәмілетке толмағандар арасында, құқық бұзушылықты, қадағалаусыздықты және қараусыздықты алдын алу, олардық құқықтарын қорғау және жетекшілік ететін мәселелер бойынша олардың арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мүдделі мемлекеттік органдардың есебін тыңдады.

Комиссия Қарағанды облысының кәмілетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына материалдарды әзірлеуге қатысады және талапкер болып табылады. Комиссия жылдың басынан Ирина Николаевна Марфинаны, Л.В Парикованы, А.А. Париковты ата-аналық құқығынан айыру бойынша талап арыз берді. Сот кәмілетке толмаған А.О. Марфинге қатысты, И.Н.Марфинаның ата-ана құқығын шектеумен, И.Н. Марфинаға қатысты талап арызды ішінара қанағаттандырды, сот Париковтар отбасы бойынша материалдарды қарау кезеңінде.

2017 жылғы 17 наурызда комиссия өкілі Б.Е. Мусина қалалық мәслихатының өкілдерімен, мәслихат депутаты Д.Е. Букетовпен бірлесіп, кәмілетке толмағандар электр қуаты жоқ қолайсыз жағдайда тұратын, Қарағанды қ. Литейная көш., 46 үй 2 пәтер мекенжайында тұратын отбасына барды. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша үйге электр жүргізілді, заң кеңесі берілді.

2017ж.22.02. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты жанындағы Кәмілетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы девиантты мінез-құлықпен кәмілетке толмағандар үшін АК-159/1 (СИ-16) тергеу изоляторына алдын алу мақсатымен саяхат ұйымдастырды. Саяхатты ұйымдастыру мақсаты кәмілетке толмаған балалар жасайтын қылмыстарды ескерту және алдын алу болып табылады. Балалар тергеу изоляторының камераларында болды. Оларға қамалғандар қандай жағдайларда тұратындарын, олардың тұрмыстарын және күнделікті күн тәртібін көрсетті. Кәмілетке толмаған балалар үшін осындай алдын алу шарасы бірінші рет жүргізілуде, алайда оларға ерекше әсер етті және өсіп келе жатқан ұрпақтың есінде ұмытылмастай әсер қалдырды.

2017 жылғы 28 наурызда «Түнгі қаладағы балалар» облыстық ОАШ шеңберінде комиссия өкілдері қаланың бейберекет аудандарында рейдті іске асырды, игротекаларға, ауруханаларға, көңіл көтеретін орындарға, халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобы отбастарына барды, әкімшілік хаттамалар құрылып, психологиялық және заң кеңесі берілді.

Кәмілетке толмағандар тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықты алдын алу бойынша қолданылған шаралар және алдын алу сипатындағы іс-шаралар қатары, 40,9 % ауданда қылмысты төмендету түрінде оң қорытындысын берді.

ПБ қимасында:

Полиция бөлімі

2017

(1 тоқсан)

2016

(1 тоқсан)

%

1

Орталық ПБ

7

11

-36,4%

2

Михайлов ПБ

9

14

-35,7%

3

Оңтүстік-Шығыс ПБ

5

10

-50,04%

 

Қазыбек би атындағы аудан

21

35

-40,9%

Көрсетілген мерзімде Қарағанды қ. ІІД ЖПҚ МЮП қызметкерлері әр түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасағаны үшінтізімдік және алдын алу есебіне 178 кәмілетке толмағандарды, 148 бейберекет отбасын есепке алды. ПБ қимасында:

Полиция бөлімдері

Кәмілетке толмағандар

Бейберекет отбасы

2017

2017

Есепке тұрғызылды

Есепте тұрды

Есепке тұрғызылды

Есепте тұрды

1

Орталық ПБ

59

21

62

76

2

Михайлов ПБ

60

103

45

94

3

Оңтүстік-Шығыс ПБ

61

50

44

50

4

Қазыбек би атындағы аудан

180

173

151

220

Кәмілетке толмағандар жасаған қылмыстар фактілері бойынша жүргізілгн тексеру талдамасына сәйкес, жасөспірімдер жасаған қылмыс әрекеттерінің негізгі себептері-ата-аналардың немесе оны ауыстыратын тұлғалардың тарапынан тиісінше бақылаудың болмауы, кәмілетке толмағандардың демалысын ұйымдастыру, «көшенің» жағымсыз әсері, отбасының берекесіздігі, кәмілетке толмағандардың құқықтық сауатсызтығы болып табылады.

«Балаларды бірге қорғайық!» Жол картасы шеңберінде Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының кәмілетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы жанындағы аудан прокуратурасының тапсырмасы бойынша «Әлеуметтік патруль» құрылды, мақсаты берекесіз және тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсету болып табылады. Әлеуметтік патруль құрамына комиссия мүшелері, ішкі істер органының, қоғамдық ұйымдар өкілдері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, психолог және медицина қызметкері енгізілген.

Комиссияның қызметі келешекте де кәмілетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, жастардың оқуына, жұмыспен қамтуға және демалысын ұйымдастыруға, салауатты өмір сүруді қалыптастыруға, құқықты төмендетуге бағытталған.

Жасөспірімдерді қамту мақсаты бойынша Қазыбек би атындағы аудан әкімшілігінде бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Оқушылардың демалуын ұймдастыру-кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Жазды күндері өтетін іс-шараларға жетім-балалар, ата-ананың қарауынсыз, әлеуметтік қорғансыз қалған, төмен отбасында тәрбиеленуші балалар, сонымен қатар МІЕ және ЮПТ профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдер қамтылады. Комиссия жергілікті полиция қызметі мен бірге жоғары санаттағы балаларды анықтап, тізім құрды.

2017 ж. Қарағанды қаласында «Жасыл Ел» бағдарламасын дамыту үшін 8 млн 330 мың теңге бөлінді. Әр жыл сайын бүкіл жаз мезгілінде жастардың ресурс орталығы «Жасыл Ел» ұйымдастырушыларымен мәдени және ақпарат-насихат жұмыстарын жүргізеді. Әртүрлі экскурсиялар, спорттық және интеллектуалдық эстафеталар, ашық есік күндері, түрлі конкурстар өткізіледі.

Бүгінгі күні аудан бойынша бағдарлама негізінде маусым айында 51 бала орналастырылды. Бұл (№92 гимназия, 3, 23, 57, 27, 15, 81, ҚТЛ, КҚЭУ колледжінің, ҚарМТУ және басқа оқу орындарының балалары).

Шілде айының тізіміне 21 кәмелетке толмаған балалар кірді.

Бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда.

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»