Бірінші басшылардың өмірбаяны

 

 

Мұқашев Ғалым Мейіржанұлы 1958 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді.
Инженер-құрылысшы, экономист- қаржыгер және құқықтану мамандықтары бойынша 3 жоғары білімі бар. Экономика магистрі.
Еңбек жолын 1976 жылы Казмедьстрой тресінде тас қалаушы болып бастады.
1978 – 1993 жылдар аралығында жеке компанияларда әртүрлі қызмет атқарды.
1993 жылдың қыркүйек айынан 1996 жылдың қараша айы аралығында Жезқазған аумақтық комитетінде мемлекеттік мүлік бойынша төрағаның орынбасары қызметінде болды.
1996 жылдың қараша айынан 1997 жылдың қыркүйек айы аралығында Қарағанды аумақтық комитетінде мемлекеттік мүлікті басқару бойынша 1 санаттағы маман;
1997 жылдың қазан және 2000 жылдың ақпан айлары аралығында кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөнінде Қарағанды облысы бойынша Агентства директорының орынбасары;
2000 жылдың мамыр- 2004 жылдың қыркүйек айлары- Қарағанды қаласы аппаратының жедел басқару бөлімінің меңгерушісі;
2004 жылдың қыркүйек және 2006 жылдың мамыр айлары- Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімінің орынбасары;
2006 жылдың мамыр 2008 жылдың шілде айлары- Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппаратының коммуналдық мәселер бойынша әкім орынбасары;
2008 жылдың шілде 2010 жылдың тамыз айлары- Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімі;
2010 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың шілде айы- Қарағанды облысы бойынша қаржы басқармасы бастығының орынбасары;
2013 жылдың шілде 2014 жылдың ақпан айлары- Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік активтер мен сатып алулар басқармасы бастығының орынбасары;
2014 жылдың қыркүйек және 2015 жылдың тамыз айлары- Қарағанды облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары;
2017 жылдың қаңтар және тамыз айлары- «Шығыс Қазақстан «Жәрдем» инновациялық орталығы» ЖШС-де қаржы бойынша директордың орынбасары;
2017 жылдың 21 қарашасынан «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ міндетті тексеріс қорытындысы шыққанға дейін тұрмыстық-коммуналдық мәселелр бойынша аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

 

Баснукаев Муса Султанович 1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді.
Екі жоғары білімі бар. 2009 жылы Қарағанды қаласы Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттің мемлекеттік және жергілікті басқару бакалаврын, 2011 жылы заң бакалавры мамандығын бітірді.
Еңбек жолын 2009 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратында бастады.
2010 - 2012 жылдары «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ ұйымдық жұмыстар бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2012-2013 жылдар аралығында «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ кәсіпкерлік және экономика бөлімінде бас маман болды.
2013-2014 жылдары «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ ұйымдық жұмыстар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2014 - 2015 жылдар аралығында «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ Сыртқы экономикалық байланыстар және хаттамалар бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2015 - 2018 жылдар «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы болды.
2018 жылғы 26 желтоқсаннан бастап «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысы болып тағайындалды.

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»