Обновление 26 Сентября (18:26)

Бірінші басшылардың өмірбаяны

Рыстин Нұрлан Болатұлы 1983 жылы Қарағанды облысының Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. 2004 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; 2018 жылы - Қарағанды экономикалық университетін бітірген.  Мамандығы бойынша: саясаттанушы (саясаттану оқытушысы) және мемлекеттік басқару бакалавры.

Мемлекеттік қызметті 2004 жылы бастаған, әртүрлі лауазымдарда: "Қарағанды облысының ішкі саясат департаменті" ММ қоғамдық-саяси жұмыс және жұртшылықпен байланыс бөлімінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеді.

2006 жылдың сәуір айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін -Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас маман.

2008 жылдың тамыз айынан 2010 жылдың қараша айына дейін - "Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ бастығы.

2010 жылдың қарашасынан 2011 жылдың маусымына дейін - Қарағанды облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2011 жылдың маусымынан 2014 жылдың сәуіріне дейін - Шахтинск қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

2014 жылдың сәуір айынан шілде айына дейін - "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" ММ басшысының міндетін атқарушысы.

2014 жылдың шілдесінен 2020 жылдың қаңтарына дейін -  "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" ММ басшысы.

2020 жылдың 11 қаңтарында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі болып тағайындалды.

 

 

Үсенов Бейсен Қабдуалиұлы, 1981 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының  Токаревка кентінде туылған.

 

Білімі:

Қарағанды ​​бизнес, менеджмент және құқық университеті - біліктілік – заңгер (2002  жыл, Қарағанды қаласы).

Қазақ гуманитарлық заң университеті -  заңтану магистры (2004  жыл, Астана қаласы).

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі - саясаттану мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі (2015 жыл, Астана қаласы).

Дьюк Университетінің Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі - мемлекеттік саясат және менеджмент бағдарламасы бойынша басшыларға арналған оқуды аяқтау туралы диплом (2015 жыл, АҚШ).

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Калифорния Университетінің мемлекеттік саясат мектебі - Халықаралық мемлекеттік саясат және менеджмент магистрі (2020 жыл, АҚШ).

Еңбек қызметі:

2004 жылдың қазанынан 2006 жылдың наурызына дейін - Қазақ гуманитарлық заң университетінің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, Астана қ.

2006 жылдың сәуірінен 2009 жылдың мамырына дейін - "Kazchermet компаниялар тобы" ЗТБ Заң департаментінің заңгері, Астана қ.

2009 жылғы маусымнан 2012 жылғы қаңтарға дейін-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрлігі Заң департаментінің бас сарапшысы; Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің көмекшісі.

2012 жылдың ақпанынан 2012 жылдың шілдесіне дейін-Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі; Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.

2012 жылғы 2 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

 

 

Камалиев Мұрат Тілеубекұлы 1975 жылы 25 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. 1997 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; 2005 жылы - "Қазтұтынуодағы" Қарағанды экономикалық университетін бітірген.  Мамандығы бойынша: заңгер және кәсіби оқыту педагогы.

Еңбек жолын 1997 жылдан 1998 жылға дейін Теміртау қаласының прокуратурасында прокурордың көмекшісі болып бастаған.

1998 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Орталық Азия университеті, "Ғылым" университеттерінде оқытушы болып қызмет атқарды.

2007 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың қыркүйегіне дейін - Қарағанды мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы.

2012 жылдың наурыз айынан тамыз айына дейін - "Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бас маманы.

2013 жылдың қаңтарынан ақпан айына дейін - "Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бас маманы.

2013 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсан айына дейін Қарағанды қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы болып жұмыс істеді.

2014 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін - "Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" ММ басшысы.

2018 жылдың 20 желтоқсанында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

 

 

Малдыбаев Дархан Дюсебаевич 1981 жылы 9 маусымда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында дүниеге келген.

2 жоғары білімі бар:

- 2004 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, саясаттанушы - мамандығы;

- 2012 жылы "МГТИ – Лингва" Орталық Қазақстан Университетін, мемлекеттік және жергілікті басқару – мамандығы бойынша бітірді.

Мемлекеттік қызметті Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратында 2005 жылдан 2010 жылға дейін - әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, ал 2010 жылдан 2014 жылға дейін – әлеуметтік сала бөлімінің басшысы болып бастады.

2014 жылдан 2020 жылғы қаңтарға дейін "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" ММ саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы болды.

2020 жылғы 9 қаңтарында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

 

Баснукаев Муса Султанович 1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді.

Екі жоғары білімі бар. 2009 жылы Қарағанды қаласы Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттің мемлекеттік және жергілікті басқару бакалаврын, 2011 жылы заң бакалавры мамандығын бітірді.

Еңбек жолын 2009 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратында бастады.

2010 - 2012 жылдары «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ ұйымдық жұмыстар бөлімінде бас маман қызметін атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ кәсіпкерлік және экономика бөлімінде бас маман болды.

2013-2014 жылдары «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ ұйымдық жұмыстар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

2014 - 2015 жылдар аралығында «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ Сыртқы экономикалық байланыстар және хаттамалар бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2015 - 2018 жылдар «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы болды.

2018 жылғы 26 желтоқсаннан бастап «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысы болып тағайындалды.

 
 
 
 
 

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»