13 Наурыз 2017
Бүгін «Мейірімді Көктем» акциясы шеңберінде «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ Қарағанды қаласының Михайлов ПБ, «Көріктендіру» КМК, «Қарағанды қаласының мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КМК, «АССАР-KZ» ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, Кривогуза көш., 92 орналасқан, «Ботагөз» Балалар үйі» ҚММ аумағын қардан тазалауға бағытталған, ағымдағы жылы алғашқы сенбілік өткізілді. Іс-шара аяқталғаннан кейін, балаларға тәттілер таратылып, қардан тазаланған балалар алаңшасында қыдыруға мүмкіндік алды.
Одан басқа, су тасқынына байланысты, 2016 жылы су басу қауіпі бар, Казахстанская көш., 32 бойындағы үйдің іргелес аумағынан нөсер кәрізін тазалау және қар шығару бойынша жұмыстар жүрзілді.
Осы акция, осындай жұмыстарды өткізу құрметке және еліктеуге лайықты, біздің қаланың тұрғындарын тартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!