17 Мамыр 2016
2016 жылғы 28 сәуірде Бейбітшілік Бульвары 56 мекенжайындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің ғимаратында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуроры Д.С. Қаржаспаевты, кондоминиум объектілерін басқару органдарының басшыларын (ПИК, ТББ, ЖШС) және «Теплотранзит Караганда» ЖШС өкілдерін шақырумен мынандай мәселелер бойынша кеңесу өтті: 2016-2017 жылдардың жылыту маусымына көп пәтерлі тұрғын үйлерді әзірлеу және құқық бұзушылықты алдын-алу бөлігінде басқару органдарымен өзара әрекеттесу.
Кеңесу барысында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуроры Д.С. Қаржаспаев құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы барлық қатысушыларға хабардар етті.
Кеңесу қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі тапсырмалар берді:
1.1. Кондоминиум объектілерін басқару органдарының басшыларына жүйелі тұрақты негізде, полицияның аймақтық пункттері арқылы (ПАП) барлық анықталған құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарт беру;
1.2. Кондоминиум объектілерін басқару органдарының басшыларына жылыту маусымына әзірлеу және жүргізу Ережесіне, «Теплотранзит Караганда» ЖШС талаптарына сәйкес, 2016-2017 жылдардың жылыту маусымына көп пәтерлі тұрғын үйлерді әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.