Обновление 07 Сентября (05:30)

  • Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

2016 жылғы 22 наурыздағы Шахтерлер даңғылы бойындағы Достық Үйі алдында «Наурыз мейрамы-2016» мерекесінің өткізілуі туралы ақпарат

01 Сәуір 2016 

        Іс-шаралар жоспарына сәйкес, Оңтүстік-Шығыс бөлігінің тұрғындары үшін Достық Үйі алдында «Наурыз мейрамы-2016» мерекесі өткізілді.
        Алаң таңертегі сағат 10 бастап, күні бойы адамға толды. Іс-шараның ашылуы және концерттік бағдарлама күндіз сағат 12-де басталды. 6 киіз үй және 7 палатка орналастырылды. «Достық Үйі», Қазыбек би атындағы ауданының ПИК және «Эфес Қазақстан» киіз үйді жеке-жеке қойды, «Казкоммерцбанк», «АТФ» Банк, «Каспий Банкі», «Мечта» СҮ, «Ясар» мейрамханасы сияқты, кейбір ұйымдар бірігіп, 3 киіз үй қойды, сонымен қатар аз қамтылған азаматтарға және «Құлыншақ» балалар үйіне қайырымдылық асы берілді.
         Достық Үйінің ұйымы 25 адамға соғыс және тыл ардагерлеріне  қайырымдылық асын берді.
        144 аз қамтылған азаматтар қайырымдылық асына шақырылды. «Империя» және «Ақ дастархан» мейрамханаларында қой сойылып, 80 адамға тегін түскі ас берді. «Ясар» мейрамханасы «Құлыншақ» балалар үйінің 30 баласын түскі аспен тамақтандырды.
«Злата» мейрамханасы 250 адамды тегін ыстық палаумен және сусындармен тамақтандырды.
«Али» ЖК, «Малгаджар» ЖК, «Жолдасбаев» ЖК, «Кафе 5 оборотов» сияқты ұйымдар мерекелік сауда-саттық ұйымдастырып, кондитерлік және кулинарлық тағамдардың көрмесін өткізді: тәтті тағамдар, ыстық жүгері, палау, кәуәп, наурыз көже, сусындар, ыстық шәй.
«Шебер» декоративті қолөнер шеберлерін қолдау орталығы АҚ  және «Скубилина» ЖК өздерінің қолдан жасаған жұмыстарын қойды: сувенирлер, ұлттық атрибуткалар, ойыншықтар, суреттер және т.б.
Концерттік бағдарламалардың ұйымдастырушылары: «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, ҚарМУ, Достық Үйі және «№ 101 мектеп-лицей» КММ көркем өнерпаздар ұйымы, сонымен қатар Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі. Мәдени-ойын-сауық бағдарламасы 6 сағат бойы болды. 
ҚарМУ Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратымен бірлесіп, 4 спорт түрінен спорттық жарыстар ұйымдастырды – арқан тарту, тоғыз құмалақ, садақ ату, гирь көтеру. Спорт жарысына қатысушылардың барлығы естелік сыйлықтар алды.
          «Беликов» ЖК балалар үшін  ойын-сауық кешенін ұйымдастырды,  3 батут (біреуі тегін), 10 аттракцион және 10 самокат.
         «Инсервис KZ» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, «Горкомтранс» ЖШС, «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КМК, «Горкомхоз» ЖШС комуналдық қызметтері, сонымен қатар жергілікті полиция қоғамдық тәртіптің сақталуын, су әкелу, қоқыс контейнерлерін, биотуалеттер орнату, сонымен қатар іс-шараларды өткізгенге дейін, одан кейін санитарлық тазалауды ұйымдастыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындады. 
        Достық Үйінің алаңына күні бойы шамамен 2000 мыңнан астам адам келді.
         Аудан тұрғындары әр бір киіз үйге балалармен кіру, киіз үйдің ішіндегі жасау, бұйымдарды көру, қазақ халқының тұрмысымен танысу, ұлттық тағамдардан ауыз тию, көңіл көтеру мүмкіндігіне өте риза болды.
        Халық мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғыстарын айтты. 


Бақылау және құжаттамалық
қамтамасыз ету бөлімінің басшысы                                          Ф. Дарыбаева                                                                              
 

123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»