Обновление 28 Января (18:06)
  • Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

Халықаралақ Қарттар күні

05 Қазан 2015 

1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған, 1 қазан күні Халықаралық Қарттар күнін атап өтеді. Бұл мерекенің басты мақсаты – қоғамның назарын егде жастағы адамның  проблемасына аудару. Қазіргі күні Қазақстанда 1 миллион 950 мың адамнан астам егде жастағы адамдар тұрады, соның ішінде – Қарағанды қаласында – 75964, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында – 44059.
        Осы күні ең белгілі іс-шаралар – мерекелік қайырымдылық ас беру, соғыс ардагерлерінің, 1 қазан күні туылған зейнеткер-мерейгерледің үйіне бару. Одан басқа Қарттар күніне ұйымдастырылған, қоғамдық іс-шараларға қала және аудан басшыларының қатысуы.
        Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (қазірг күні 101) бектілген барлық ұйымдар, аудан әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп барды. Оларды «Қарттар күні» мерекесімен құттықтап, материалдық көмек көрсетілі.
       30 қыркүйек күні Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Н. Шатохина «Қарттар күні» мерекесінің құрметіне, 50 адамға «Злата» мейрамханасында қайырымдылық ас берілді, онда майдангерлер, ауданның ардагерлер Кеңесінің белсенділері, сонымен қатар аудан әкімдігінің зейнеткерлері қатысты. Әкімнің құттықтауында жылы сөзер мен тілектер айтылып, гүл шоқтарын сыйлады. Атқарушы органдардың және қызмет көрсетушілердің күшімен адамдар ұзақ өмір сүрмен қатар, сондай-ақ олардың өмірі сапалы, жан-жақты, толымды және рахат әкелетіндей болуын қамтамасыз етуіміз қажет екенін атап өтті. Ардагерлер жауап ретінде аудан әкімшілігінің тарапынан көрсеткен құрметі мен қамқорлығына алғыс айтты. Қатысушылар гармоньның сүйемелдеуімен көп өлең айтып, би билеп, суретке түсті. Барлығы көтеріңкі көңілде болды.
          1 қазан күні аудандық әскери комиссариятпен бірлесіп, сол күні 85 жасқа толған, мерейгер Бибігүл Нурмағамбетоваға барды. Шын жұректен құттықтап, қала әкімінің атынан құттықтау Адресі мен сыйлық табыстады. Аудан әкімі атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Михайлович Амелинге сыйлық берілді.
       Осы күні 1 қазанда Орбита ықшам ауданы зейнеткерлерінің алғашқы ұйымы Қазыбек би атындағы аудан әкімін мерекеге № 86 ОББМ шақырды. Татьяна Николаевна құрметті жастағы адамдарды жылы құттықтап, сонымен қатар 1923 жылы 1 қазанда (92 жас) туылған ҚР ІІМ отставкадағы полковнигі ҰОС ардагер Константин Иванович Барановқа  аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен сыйлық табыстады. Көп балалы аналар 12 бала туып, тәрбиелеген Ұлтай Жәнібековаға, 11 бала – Роза Нұрақоваға және 10 бала – Шакарбану Күлмағамбетоваға, сонымен қатар 90-жасқа, 80 жасқа келген,  жеті мерейгерге Алғыс хат берді. Аудан әкімінің ерекше алғыс сөздері  55 жыл бірге өмір сүрген, өнегелі балалар тәрбиелеген, немере және шөберелері бар Юрий Петрович және Руфина Ивановна Тарскилерге арналып, оларға Алғыс хат пен ақшалай сыйлық табысталды.  № 86 ОББМ оқушыларының күшімен әжелер мен аталардың алдында концерт қойылып, аудитория жылы қабылдады.
         Қазыбек би атындағы ауданның 1000-нан астам педагогтарды біріктіретін, «Ұстаз» мұғалімдердің ардагерлер кеңесі 1 қазанда Қарттар мерекесімен және алдағы «Мұғалімдер күні» кәсіби мерекесінің құрметіне, мұғалімдердің «Көгілдір шам» мерекелік дастарханы өткізілді. Салтаннатты отырысқа Т.Н. Шатохина шақырылды. Педагогика еңбегінің ардагерлерін шын жүректен құттықтады. Оларға зор денсаулық, отбасына бақыт, өсіп келе жатқан ұрпақтарға тәрбие беруде нық сезім және ақылды, ізгілікті, мәңгілікті себуді жалғастыруды тіледі. № 23 ОББМ оқушылар және педагогикалық ұжымның күшімен бояуы жақсы мерекелік концерт берілді. Мерекеге қатысушылар ұйымдастыру мен мерекелік асты лайықты бағалады.


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»