Обновление 21 Апреля (10:05)
  • Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының АХАТ бөлімінің 2016 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы есебі

    Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы сәуір айының 17 –күні № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Стандарттарына сәйкес  Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының АХАТ бөлімі азаматтық хал акті жазбаларының 9  түрінен мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде:

    • «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
      жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
    • Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық
      хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
      түзетулер енгізу»;
    • «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер
      немесе анықтамалар беру»;
    • «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
      актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
      енгізу»;
    • «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
      азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
      мен түзетулер енгізу»;
    • «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
    • «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
      жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
    • «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
      жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
    • «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде
      азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
      мен түзетулер енгізу».

     Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының АХАТ бөлімі 2016 жылдың 10 айында  20 186 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде  4749 - баламалы негізде АХАТ бөлімінде, 13 646 - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы», 1791 – «Электронды үкімет» порталы арқылы.
    Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының АХАТ бөлімінде 2016 жылдың 10  айында 11 301 азаматтық хал акті жазбалары тіркелді, оның ішінде:  4296 - туу туралы, 2306 - қайтыс болу туралы, 3095 - неке қию туралы, 952 - неке бұзу туралы, 372 - әке тану туралы, 63 – бала асырап алу туралы, 216 – атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы.

     

         Жалпы, 2016 жылдың 10  айында  АХАТ бөлімінде 18 115 жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері қаралды, оның ішінде: 11 301 -  азаматтық хал акті жазбалары, 1650 – азаматтық хал акті жазбаларына түзетулер, толықтырулар және өзгертулер енгізу туралы күрделі істер бойынша,  5164 – жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері (Минск Конвенциясы бойынша 377  анкета).
    Есепті мерзімде АХАТ бөліміне Минск Конвенциясы аясында 576 сұраныстар түсіп, заңда көрсетілген мерзімде орындалды.
    2016 жылдың 10  айында АХАТ бөлімі жұмысының негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарын өткен жылдың осы мерзімімен салыстыру бойынша:


     

    2015

    2016

    +/- %

    1

    Туу туралы

    4127

    4296

    + 103 %

    2

    Қайтыс болу туралы

    2312

    2306

    • 9,9 %

    3

    Неке қию туралы

    3326

    3095

    • 9,2 %

    4

    Неке бұзу туралы

    1039

    952

    - 9,1 %

    5

    Әке тану туралы

    374

    372

    • 9,8 %

     

    6

    Бала асырап алу туралы

    63

    64

    + 101 %

    7

    Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы

    165

    216

    + 130 %

    8

    Мемлекеттік баж салығы алынды

    16 290335, 30 тенге

    18 587 951,84 тенге

    + 113 %

        Азаматтық хал акті жазбаларын тіркеу үшін 18 587 951, 84 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы алынып, мәліметтер Қарағанды қаласы мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.
    Халыққа сапалы құқықтық  қызмет көрсету мақсатында қолданыстағы неке және отбасылық заңдылықтардың талаптары бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы»-ның бөлімдерінде АХАТ бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес есепті мерзімде 5 семинарлық сабақтар өткізілді.
    Есепті мерзімде азаматтық хал акті жазбаларынан 7265 қайталама куәліктер және мұрағаттық анықтамалар берілді, оның ішінде 3467 –қайталама куәліктер, 3493 – анықтамалар, 305- түсіндірме хаттар.

      Государственные символы

      Караганда 11°C

      Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
      2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
      района имени Казыбек би города Караганды
      © 2013 Разработка и поддержка:
      Интернет компании «Creatida»