Обновление 01 Февраля (23:12)
  • Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

Тыл ардагері Лавринова Валентина Александровнаның 90 жас мерейтойы

24 Қазан 2017 

2017 жылдың 22 қазанда тыл ардагері Лавринова Валентина Александровна 90 жасқа толды. Ол 1927 жылы дүниеге келді, Ивановское медициналық училищесін бітірді. Қызметін 1965 жылдан бастап Қарағанды облысында №4 перзентханада медициналық медбике болып бастады, одан әрі Қарағанды қаласының №2 емханасында істеді. 1977 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Жоғары кәсіби біліктілігі үшін ВалентинаАлександровна «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалі, Қазақстан Республиасы Президентінің Жарлығымен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60,70 мерейтойлық медалдарымен марапатталды. Қызынан отбасының мақтанышы және өнегесі болардай үш немересі және үш шөбересі бар. Мерейтой иесін үйіне барып Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Н.Шатохина және Қарағанды қаласының депутаты Б.С.Искаков шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл күй, жақындары мен туғандарының  құрметіне және сүйіспеншілігіне бөлене беруін тіледі. Оған аудан әкімі мен Ардагерлер кеңесі төрағасының құттықтау хаты, гүл шоғы, тәтті сыйлықтар, ал депутат тарапынан материалдық көмек көрсетілді.

123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»