04 Тамыз 2017
2017 жылдың 02.08-де «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ аудан әкімінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқық бұзушылықтың түрлері және жазалану, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің тәртібі» бойынша семинар өтті.
Осы тақырыпта Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бас маманы Олжас Айдарұлы Бурханов баяндама жасады.
2015 жылы Қазақстан Республикасы – Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия қабылданып, Сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алу шаралары және онымен күресу саясаты сараланып, сапалы жаңа бағыттарға көшудің нақты жолы белгіленді.
Алғашқы институцияналдың реформа шеңберінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру – мемлекеттік қызметтің әдептілігі болып табылады. Мемлекеттік қызметкердің бейнесін белгілейтің негізгі моралды-әдеби шарттар және олардың жүріс – тұрысын бекітетін негізгі стандарттар Қазақстан Республикасының Этикалық кодексінде көрсетілген.
Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттар таратылды және мемлекеттік қызметші кәсіби Этиканы бұзған жағдайда және келеңсіз жағдайлар бойынша «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ хабарлау керектігі айтылды.
Семинар «Сыбайлас жемқорлықты бірге жеңеміз, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» деген үндеумен аяқталды.