27 Шілде 2017
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандармен профилактикалық бағытта жұмыс жасайтын біршама мемлекеттік органдар бар. Бұл жүйеде кәмелетке толмағандар ісі жөнінде және олардың құқықтарын қорғау Комиссиясы басты орын алады. Кәмелетке толмағандар арасында туындайтын немесе орын алған әлеуметтік қауіпті жағдайды басу кезінде Комиссия маңызды стратегиялық жұмыс жүргізеді.
Комиссияның осы саладағы ең басты және маңызды бағытарының бірі – өмірдің қиындығына душар болған және жасөспірімдердің деңсаулығына,өміріне қауіп тудыратын мәселелер орын алған балаларды анықтау болып табылады. Бұл жұмыстың түрі жоспарлы және жүйелі жүргізіледі.
2017 ж. 18 шілдеде Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Комиссия профилактикалық маңызда іс-шара жүргізді. Оның мақсаты қиындыққа түскен және ЮПБ есепте тұрған балалардың жағдайын тексеру. Бұл іс-шараға Қарағанды қаласы мәслихатының депутаты Т. И. Кравченко, Михайловка ІІБ ЖПБ бастығы Б. И. Жақаев, қамқор көрсетуші бөлімнің өкілдері, нарколог дәрігер, БАҚ өкілдері қатысты.
Рейд қорытындысы бойынша Комиссия ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамайтын, оқыту, тәрбие беруде, кәмелетке толмағандардың өмірі мен деңсаулығын қорғауда әлсіздік көрсеткен ата-анларды әшкереледі. Бұл адамдар бойынша материалдар жақын арада Комиссияның отырысында қаралатын болады. Міне осындай жұмыстар балалар мен жасөспірімдердің қамқорсыздық, қараусыздық, сонымен қатар құқық бұзушылыққа қарсы жасалатын маңызды профилактикалық негіздегі іс-шара болып табылады.
Мұндай профилактикалық шаралар Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның Оңтүстік-Шығыс, Орталық секторларында кәмелетке толмағандар арасында қылмысты азайту бойынша жалғасатын болады.