• Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

Ағымдағы жылдың 12 сəуірі күні «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

19 Сәуір 2017 

Ағымдағы жылдың 12 сəуірі күні «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланды. Бұл мақаласында Елбасы жылдың басында Қазақстан халқына елді модернизациялаудың үшінші кезеңі басталғаны туралы айтқанын еске салады. Бұл модернизациялаудың мақсаты саяси реформа мен экономиканы модернизациялау, сол арқылы əлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену. Мемлекет басшысы алда көлемді жұмыстар тұрғанын сөз етті. Бəсекеге қабылеттілік туралы айта келе, Президент бүгінде елді дамыту үшін алдымен барша халықтың бəсекеге қабілеттілігін арттыру керек дейді. Мақалада елбасы қазақстандықтар прагматик болулары тиіс екенін, ұлттық менталитетті сақтай отыра ұлттық сана-сезім шекарасын кеңейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысының осы мақаласынан соң аймақтарда оны талқылаулар өтті. Осылайша 2017 жылдың 14 сəуірінде «Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы аудан əкімінің аппараты» ММ аталмыш мақала талқыланып, оған мекеменің барлық қызметкерлері қатысты. Арнайы шақырылған қонақ ретінде ҚР журналистер одағының мүшесі Мұсабеков
Бақытқали Мұхаметқалиұлы келіп, сөз сөйледі. Аудан əкімі Татьяна Шатохина Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын түсіндіре келе: «Мемлекет басшысы мақаласының мағынасы өте терең, онда саяси реформалар мен экономикалық модернизациялау бағдарламасы қазақстандық қоғам мен əр қазақстандықты рухани модернизациялауды енгізумен толықтырылған. Тек қана жоғары білікті жəне рухани бай адамдар ғана жаңашылдықты қабылдап, дұрыс шешім жасай алады» - деді.

123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»