• Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

Көктемгі екі айлықты өткізу қарсаңындағы кеңесу

17 Сәуір 2017 

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап 9 маусымына дейін жарияланған көктемгі екі айлық шеңберінде сегіз сенбілік және тоғыз санитарлық бейсенбілік өткізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Н. Шатохинаның төрағалық етуімен ПИК, ЖШС, ЖК,  ҰБЖ төрағаларымен кеңесу өткізілді. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы және тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Ж. Карамендинов баяндамамен сөз сөйледі.
Кеңесуде үлкен жұмыс көлемін істеуді қажет ететін, аумақтар көрсетілді, жеке алғанда, көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары. Қоқыстары көп мекенжайларды көрсетумен, нақты міндеттер қойылды. Тиісінше тәртіп пен аулалардың тазалығын келтіру бойынша мерзімдер анықталды. Сонымен қатар жиналыс барысында аула аумағын күтіп ұстау бойынша қызмет көрсетушілер мен мердігерлердің қатысуымен санитарлық тазалау жасайтынын атап өтті.
Қаланы санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру  бойынша Көктемгі екі айлық шеңберінде үш аудандық – 15 сәуірде және 6, 27 мамырда, үш жалпықалалық – 29 сәуірде, 13 мамырда және 3 маусымда және екі жалпыоблыстық – 22 сәуірде және 20 мамырда сенбіліктер өткізіледі.
    
«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ барлық тұрғындарды, меншіктің әртүрлі түрінің кәсіпорындары басшыларын сүйікті Қарағандының тазалығына және игілікті іске белсенді қатысуға шақырады!

123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»