• Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

Наурыз – коктем мейрамы

24 Наурыз 2017 

Іс-шара жоспарына сәйкес қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінің тұрғындары үшін Достық үйінің алдында Шахтерлер даңғылы 62 мекенжайы бойынша «Наурыз мейрамы – 2017»  мерекесі өткізілді.
8 киіз және 6 палата орнатылды.
ҚарМу, «Достық үйі», Қазыбек би атындағы ауданының ПИК және «Эфес Қазақстан», «Асар» ЖШС, «Норма» супермаркеті киіз үй қойды. «Банк центркредит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Сәтті» мейрамханасы сияқты ұйымдар бірлесіп, 2 киіз үй қойды.
Сауда палаткаларын мынандай ұйымдар орнатты:
«Дуйсенбин» ЖК, «Малгаджар» ЖК, «Иванов» ЖК, «Рихтер» ЖК және мерекелік сауда, кондитер және кулинария өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды: тәтті пісірілімдр, ыстық жүгері, палау, кәуәп, наурыз көже, сусындар, ыстық шәй.
Мереке күндізгі 12-де басталды. Аудан тұрғындарын  Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Мукеева, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Н. Шатохина, Қазыбек би атындағы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Ш. Тұяқов, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ директоры Т.К. Камалиев құттықтау сөздерін айтты.
210 аз қамтылған азаматтар қайырымдылық асына шақырылды.
«Асар» ЖШС 40 ардагерлер мен тыл еңбекерлеріне қайырымдылық асын берді.
«Ақ жол» мейрамханасында 40 адамға тегін дастархан жайылды. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының ПИК «Құлыншақ» балалар үйінің 30 баласына ас берді, сонымен қатар «Алиев» ЖК балалар үшін тегін атқа мінуді ұйымдастырды.
«Vogue» мейрамханасы 200 астам адамға тегін ыстық палаумен,наурыз көже және бауырсақпен дастархан жайды.
«Шебер» АҚ сәндік қолөнер шеберлерінің қолдауымен қолөнер жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды: сувенирлер, ұлттық атрибуттар, ойыншықтар, суреттер және т.б.
Концерттік бағдарламалардың ұйыдастырушылары: «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, ҚарМУ, Достық үйі көркемөнерпаздары, Қали Байжанов атындағы Концерттік бірлестігінің ұжымы болып табылады. Мәдени-ойын-сауық бағдарламасы 5 сағат бойы жалғасты.
         ҚарМУ спорт жарыстарын өткізді: арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ, армреслинг,  гирь көтеру. Спорт жарысының барлық қатысушылары бағалы сыйлықтар алды.
        «Алсер» ЖШС, «Қарағанды су» ЖШС, «Горкомтранс» ЖШС, «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КМК комуналдық қызметтері, сонымен қатар жергілікті , жедел жәрдем бригадасы, Қарағанды қаласының ТЖБ  қоғамдық тәртіптің сақталуын, су әкелу, қоқыс контейнерлерін, биотуалеттер орнату, сонымен қатар іс-шараларды өткізгенге дейін, одан кейін санитарлық тазалауды ұйымдастыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындады. 
        Достық Үйінің алаңына күні бойы шамамен 4000 мыңнан астам адам келді.

123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»