Обновление 14 Октября (10:35)
  • Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

2017 жылғы қаңтар айында туылған Ұлы Отан соғысы ардагерілерінің мерейгерлері және туған күн иелері

02 Ақпан 2017 

2017 жылғы қаңтар айы Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері қатарынан  мерейгерлер және туған күн иелері үшін «жемісті» болды. Мерейгерлер екеу болды. Бірақ, қандай десеңізші! Акажанов Мұқажан-ата және Құтжанов Жұматай-ата айдың бірінші күндері – қаңтардың үші мен жетісінде 100 жасқа келді.Олар абыройлы бір ғасыр өмір сүрді! Екеуі де сонау 1917 жылы дүниеге келген. Екеуі де Ұлы Отан соғысында майданда соғысты. Қазіргі уақытта олар Шет ауданының Ақсу-Аюлы селосында өз балаларымен және немерелерімен тұрып жатыр.
         М.Ақажанов 1941 жылдан бастап 1946 жылға дейін арнайы бөлімде барлаушы болды. Қызыл Жұлдыз  және 2-ші дәрежелі Отан соғысының Орденімен, Германиядағы Жеңісі үшін, Ерлігі үшін, Маршал  Г.К. Жуков медальдарымен наградталды. Соғыстан кейін аудандық тұтынушылар одағы жүйесінде жұмыс істеді. Зейнеткерлік демалысқа 1977 жылы шықты. Екі қыз тәрбиелеп өсірді.
        Ж. Құтжанов 1943 жылы майданға шақырылды. Тамбов әскери училищесіндегі оқуын аяқтағаннан кейін 1944 жылдан 1945 жылға дейін взвод командирі ретінде Бірінші Белорусия құрамындағы соғысқа қатысты. Польшаны, Германияны азат етті. Одер түбінде жарақат алғаннан кейін 1945 жылы маусым айында елге оралды. 1-ші дәрежелі Отан соғысы Ордені,  Германиядағы Жеңісі үшін, Ерлігі үшін, Маршал  Г.К. Жуков медальдарымен наградталды. 
         1945 жылдан бастап, Жұматай ата Қарағанды облысының Шет ауданында мұғалім болды. Білім жүйесіне 40 жылын арнады. Математика мүғалімі болып бастап, кейін мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болды. Ерекше сіңірген еңбегі үшін, өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбелеу ісінде үлесі үшін Құрмет белгісі Орденімен наградталды. КСРО білім үздігі төсбелгісі бар. 10 бала тәрбиелеп өсірді.
          100 жылдық мерекелік тойға облыс әкімінің атынан облыстық мәслихаттың хатшысы, Қарағандының еңбек ардагерлері келді. Аудан әкімі Т. Шатохинаның атынан құттықтау хатын мерейгерлерге табыстады, ал біздің мердігер «Казбелаз» ЖШС (директор С.Н. Потылицин) оюланған үстелге қоятын сағат сыйлады. Шет ауданының әкімдігі біздің ардагерлерді үлкен мерейтойымен жылы лебізбен құттықтады.
         Бесінші қаңтарда аудан әкімі Т. Шатохина және ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ. Тұяқов Қарағанды қ. Құрметті азаматы, ардагер-ұзақ өмір сүруші Абушахма Бекбалақұлы Бекбалақовты 104 жасқа келуімен үйіне барып құттықтады. Жылы жайлы үйде ардагер соғыс туралы, жұмыстың дағдылы күндері туралы, КСРО өндірісінің халық комитеті С.М. Кировпен ұмытылмайтын кездесуін әңгімеледі. Дәл осы күні оған Абай шахтасының қызметкерлері келді, ол онда еңбек жолын жұмысшы болып бастап,  зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек еткен. Одан кейін әр түрлі басшы лауазымдарында қызмет етті - шахта бастығының орынбасары, бас инженер. Бірнеше мәрте шахтаның парторгы болып сайланды. Соғыс наградалары бар: 2 дәржелі Отан соғысы, 3 дәрежелі Даңқ ордені және медальдар. И.В. Сталиннің бұйрығы бойынша 1945 жылы тамызда Жапония соғысындағы үздік әскери қимылы үшін алғыс жарияланды.
          21 қаңтарда Абушахма Бекбалақов бұл дүниеден өтті. Аудан әкімі аппараты  Құрметті азамат, кенші - өз халқының лайықты ұлын соңғы сапарға шығарып салуға ат салысты. Ұлы отан соғысы батырының жатқан жері жайлы болсын.
         1 қаңтарда Исмагил Нигматович Галиуллин 91 жасқа толды. Жаңа жылдық мерекеде оған Т.Н. Шатохина мен Ғ.Ш. Тұяқов   барды. Олар туылған күнімен құттықтап, «№1 Машзавод» ЖШС атынан сыйлық табыстады.
        Қаңтарда 91 жасқа Константин Иванович Суминов пен Василий Леонтьевич Метелов келді, олар өз туған күндерінде соғыс ардагерлеріне арналған стационар-ауруханада болды.Оған Қарағанды  мемлекеттік медициналық университетінің қызметкерлері және аудан әкімі аппаратынан бас маман Н.Т. Кульшиков сыйлықтармен барды.
        92 жылдығын майдангер Филипп Степанович Ремезов пен Мағзум Ақыбаев атап өтті. Мағзум атаның демеушісі «Биосфера» ЖШС аудан әкімдігінің қызметкері Зарина Ахмалдиновамен бірге үйіне барды. Туылған күнімен құттықтап, гүл шоғын және сыйлық табыстады.
        93 жылдығымен соғыс ардагері Татьяна Ивановна  Бенградты «Олимп» медициналық орталығы, Владимир Израильевич Райконы – «Болашақ» университеті және Семен Игнатьевич Красногутскийді – «Газойлпром» АЗС құттықтады. Оларға гүл шоқтары, торт пен материалдық көмек көрсетілді.
        14 қаңтарда Иван Кириллович Скрипников 87 жасқа толды. Оған үйіне құттықтауға «Шығыс» базарының қызметкерлері келді. Жеміс-жидектер мен материалдық көмек берді.
        Қаңтар айының тізімінде мерейгерлердің бірі соғыс ардагері – Нафизя Фатхулловна Агишева болатын. ВНОС 103 батальонның Украина майданында соғысты, 1805 зенит-артиллерия  полкінде-бақылаушы болған. Сталинград соғысына қатысты. 2-ші дәрежелі Отан соғысының Орденімен, Германиядағы Жеңісі үшін, сонымен қатар мерейлік медальдармен наградталды. Қарулы күштер қатарынан 1945 жылы қыркүйекте босады. Бейбітшілік кезде 1948 жылдан бастап 1977 жылға дейін банк жүйесінде кассир, кассалық операциялардың бастығы болды. 1977 жылы Мембанктен жасы бойынша зейнетке шықты. 17 қаңтарда Нафиза Фатхуловна 95 жасқа келуші еді. Туылған күніне аз қалғанда дүниеден өтті. Ұлы отан соғысы батырларының жарқын бейнесі есімізде.
         2017 жылдың 1 ақпанына біздің ауданда соғыс ардагерлері, мүгедектері 65 адам қалды. Оларға қамқор болу- Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының жұмысында негізгі басымдықтардың бірі.

123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»