10 Қазан 2016
Қымбатты қарағандылықтар және біздің қаланың қонақтары! 2016 жылғы 24 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін өңірді абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша облыстық күзгі айлық өткізілуде. Осы күндері рұқсат етілмеген қоқыстарды жою, қоқыстардан тазалау және аумақтарды көгалдандыру іске асырылды. Ағымдағы жылы 8 қазанда «Ағаш отырғыз!» акциясын жалғастыру мақсатында «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ, «Қарағанды қаласының мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КМК, Қарағанды облысының іскер әйелдері кеңесімен бірлесіп Оңтүстік-Шығыста Этнопарк аумағында, Орталық мешіт ауданында 30-дан астам жапырақты ағаштың көшетін (қайың және қараағаш) отырғызу ұйымдастырылды. Көшеттерді «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы» КММ әкеліп жеткізді.Осы күзгі ашық күні акцияға 60 астам қатысты, олардың арасында Олимпиялық Чемпион Серік Сапиев, Қарағанды облысының Бас Имамы Өмірзақ Бекқожа, көпбалалы отбасы және жастар, кәсіпкер-әйелдер, мемлекеттік қызметшілер және спортшылар. Біздің қаламыздың құрметіне бірлесіп жасаған еңбектен қуаныш пен көтеріңкі көңілде ағаш отырғызу өтті. Барлық қатысушыларға үлкен алғысымызды айтамыз! Енді көшетті отырғызғандар, оны күтіп өсіреді. Құрметті біздің қаланың тұрғындары! 2016 жылғы 15 қазанда өтетін, келесі сенбілікке қатысуға шақырамыз. Бірге қаламызды тазалаймыз және көркейтеміз!