20 Қыркүйек 2016
2016 жылғы 17 қыркүйекте Волочаевская көшесі №№ 55,57,57/2,59,61,63 үйінің тұрғындарымен жиылыс өткізілді.
Жиылысқа Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің және «Қарағанды су» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Теплотранзит Караганда», «Горкомтранс» ЖШС коммуналдық қызметінің өкілдері қатысты.
«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері қолданыстағы ПИК, ЖШС және ЖК құру және кіру қажеттігі туралы пәтерлердің меншік иелеріне түсіндірді.
Пәтерлер меншік иелерінің алдында сөз сөйлегендер:
1. «Спутник» ПИК төрағасы И.М. Нагорная өзінің пәтерлер иелері
кооперативінің жұмысы туралы тұрғындардың жиналысына қатысушыларға таныстырды.
2. «Управляющая компания МВК karaqanda» ЖШС директоры
М.А. Садыков «Управляющая компания МВК karaqanda» ЖШС басқару компаниясының мүмкіндігі туралы айтты, ал Оңтүстік-Шығыс ТЭК ЖШС директоры А. Камбетбеков қатысушылармен өз кәсіпорнының жұмысы туралы ойын бөлісті.
Жиналыс қорытындысы бойынша пәтерлер иелері әрбір үйден белсенді топтарды таңдап алды, олар басқару органдарын таңдау бойынша пәтер иелерінің арасында жазбаша сұрау жүргізеді.