16 Қыркүйек 2016
2016 жылғы 10 қыркүйекте Ұлы Отан соғысы ардагері Владимир Николаевич Вакуленко 90 жасқа толды. Ол Украина ССР Виницк облысында дүниеге келді. Қызыл Әскерге 1944 жылы шақырылды. Старшина атағында 3-ші Беларусь майданында соғысты. Соғыста радист-пулеметчик ретінде Кенигсбергті азат етуге қатысты. 1958 жылы демобилизацияланды. Владимир Николаевичтың соғыс наградалары бар: Отан соғысының 2-ші дәрежелі ордені, «Германиядағы жеңісі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Берлинді алғаны үшін» медалі.
Бейбітшілік уақытта «Караганда жилстрой» трестінің «Спецстрой» басқармасында жұмыс істеді. 1986 жылдан бастап зейнеткерлік демалысты.
Аудан әкімі Т. Шатохина ардагерлер Кеңесімен бірлесіп және тұрақты негізде бекітіліп берілген «12 месяцев» құрылыс дүкенінің ұйымымен, Ұлы Отан соғысы ардагерін үйінде құттықтады, құттықтау хатын, гүл шоғын және ақшалай сыйлық табыстады.
Майдангер В.Н. Вакуленко балаларының, немерелерінің және шөберелерінің ыстық ықыласына бөленуде. Оны әріптестері де ұмытпайды.