• Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

2016 жылдың бірінші тоқсанында ҰОС ардагерлерімен жұмыс туралы ақпарат

04 Сәуір 2016 

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында 2016 жылдың бірінші тоқсанында Ұлы Отан 31 ардагер туылған күндерін атап өтті, оның ішінде 10 мерейгер (90 және 95 жас), соның үшеуі-100 жастан астам: А. Бекбалаков -103 жас. И.М. Ковешников -102 және С.К.Кусенов – 101жас.
Аудан әкімі, соғыс және еңбек ардагерлерінің аудандық Кеңесінің төрағасы, «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ басшысы, сонымен қатар бекітіліп берілген ұйымдар Құттықтау хаты мен бағалы сыйлықтарды табыстаумен, барлық мерейгерлердің үйіне  барып құттықтады.
Барлық қалған туған күн иелері-майдангерлерді Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының өкілдері және демеуші ұйымдар: «Каргормаш–М» ЖШС, «Аланда»  медициналық орталығы, «Биосфера», «Машзавод №1» ЖШС,«Gazag banki» АҚ, «Газойлпром» АЗС, Қарағанды мемлекетті медициналық университеті,«Сулпак» сауда үйі, «Халиф», «Олимп», «Пивоварофф» мейрамханалары, «Сбербанк России» АҚ, «Казпласт» ЖШС,  «Шығыс» базары, «Ердос» стоматологиялық клиникасы, «Стелла-АR» кафесі,  «Горкомтранс» ЖШС, «Вираж» ЖШС, «Улар-МК» ЖШС, «АР-Нуво» қонақ үйі. Туған күн иелеріне гүл, азық-түлік жиынтығын, тұрмыстық техника сыйлады және материалдық көмек көрсетті.
Қазыбек би атындағы аудан бойынша  8 наурыз халықаралық әйелдер күнін мерекелеу іс-шарасына сәйкес,  әкімдік қызметкерлері ҰОС ардагерлер қатарынан 15 әйелді және 100 жастағы тыл еңбеккерлерін құттықтады. Барлығын құттықтап, оларға гүл шоқтары мен сувенирлі конфеттер, азық-түлік себеттерін, жеміс жиынтығын, торттар сыйлады.
8 наурыз халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне Қарағанды қаласы әкімінің қабылдауына соғыс ардагері Т.И. Бенгард,  тыл ардагері Ш.А.Тулепова, сонымен қатар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған батыр-аналар Қ.Ж. Қарабекова және Н.Ф. Пак шақырылды.
Қазыбек би атындағы аудан әкімінің салтанатты қабылдауында аудан ардагерлер кеңесімен бірлесіп ауданның атақтылар қатарынан  соғыс ардагері С.Г.Пономарева, Н.С.Пастухов, тыл еңбеккері, соғыс  ардагері,  мемлекеттік қызметшілер қатысты.
«Күміс алқа» алқаларымен үш батыр-ана наградталды: Б.С.Тохметова, Г.Р.Коржумбекова, Э.Н. Эркинбаева. Жалпы шақырылғандардың саны 53 адам болды.
8 наурыз мерекесі қарсаңында аудан әкімдігінің басшылығы № 2 Қарағанды перзентханасына 9 ананы жаңа туылған нәрестелерімен құттықтап, АХАТ бөлімі әзірлеген туу туралы куәлігін, гүл шоғын және «Ригер» ЖШС бөбектерге сыйлықтарын табыстады.
Наурыз мейрамы күні аудан ардагерлері саны 25 адам Достық үйі алаңында көктем мерекесі және қазақ халқының жыл басы мерекесіне қатысты.Үлкен мерекелік концерттің көрермені болып, Қазақстан халықтары Ассамблеясының киіз үйіне барды, қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татып, әр тілде өлең айтылды, домбыра тартылды. Наурыз мерекесі
Жер бетіндегі барлық халықтың бірлік мерекесі.
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты ҰОС ардагерлері мен  әйелдерге қамқорлық жасау өз жұмысының бір бағыты деп санайды.
2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ауданда Ұлы Отан соғысының 83 ардагер. 2015 жылдың ұқсас кезеңінде 114 адам болған.
Осы санаттағы тұлғаларға көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.

123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»