• Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

Жаңа жыл мерекесінде туылған мерейгерлер- Ұлы Отан соғысының ардгерлері

15 Қаңтар 2016 

Алыстағы 1921 жылғы 1 қаңтарда   Мария Николаевна Чернышева - болашақта медицина қызметкері дүниеге келді. 1943 жылы өз еркімен майданға аттанды. Барлық Европа арқылы санитарлық фельдшер ретінде соғыспен жүріп өтті.1945 жылғы 9 мамырдағы Жеңісті Берлинде қарсы алды. Мария Николаевна 95-жылдық мерейтойын Қарағанды қаласында қарсы алды, ол 2015 жылдың соңында Оңтүстік Қазақстан облысынан көшіп келген.
        Исмагил Нигматович Галиуллин 1926 жылғы 1 қаңтарда Башқұртстанда  туылды. 1943 жылы Белоруссияда, Украина майдандарында атқыш, сержант атағында   танк жүргізуші ретінде соғысты.  Соғыстағы шайқастары үшін ерлік наградалары бар- отан соғысының 2-дәрежелі ордені мен медальдары.
Жаңа 2016 жылдың бірінші күні Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Н. Шатохина, ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы және демеуші ұйымдар «Сулпак» сауда үйі, «Машзавод №1» ЖШС мерейгер-халық батырларын М.Н.Чернышева мен И.Н.Галиуллинге барды. Оларға құттықтау хаттарын, гүлдер мен сыйлықтар беріп, жаңа жылдарымен құттықтап, мерейгерлерге зор денсаулық, ашық аспан, жақындарының ыстық ықыласын тіледі.
       «Сулпак» сауда үйінің директоры «Сулпак» сауда үйінің атынан Мария Николаевнаға электр етшеккішін сыйлады.  «Машзавод №1» ЖШС өкілі мерейгер Исмагил Нигматовичке 10000 теңге табыстады.
         Жаңа жылдың 14 қаңтарында соғыс ардагері Василий Леонтьевич Метелин 90 жасқа келді. Қызыл әскерге 1943 жылы шақырылды. Атқыш-сержант ретінде 1-ші Украина майданының құрамында соғыс шайқастарына қатысты. Отан соғысының 2-дәрежелі және Қызыл Ту ордендерімен, «Германиядағы жеңісі үшін», «Г.К. Маршал» және көптеген медальдармен наградталған. 1951 жылы Болгариядан демобилизацияланды. 1951 жылдын 1984 жылғы дейін Қарағанды Энергозаводында, қатардағы слесарьдан бас инженер мен директорға дейін жұмыс істеді.
        Қазыбек би атындағы ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Ш. Тұяқов аудан әкімі  және ардагерлер кеңесінің атынан Құттықтау хаты мен материалдық көмек көрсетілді. Мерейгерге бекітіліп берілген ұйым қарағанды мемлекеттік медициналық университеті ректорының атынан әдемі гүл шоғын, атаулы торт және 30 мың теңге сыйлады.
        Майдангерлер аудан қоғамшылдығының бөлген көңілдеріне тебіреніп, істерінің егжей-тегжейлеріне дейін, биыл Тәуелсіздіктің 25-жылдығын атап өтетін Қазақстан туралы,   өсіп келе жатқан ұрпақтар – немерелері мен шөберелері туралы көп айтты. Шын жүректен риза болып, аудан басшылары мен демеуші ұйымдарының келуі мен құттықтауларына алғыс айтып, естелікке суретке түсті.


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»