11 Қаңтар 2016
2015 жылғы желтоқсанда өз туған күнін Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатарынан он төрт туған күн иесі атап өтті.Үш ардагер Қарағанды қаласының құрметті азаматтары: Пастухов Николай Степанович, Бекбалаков Абушахман және Дюсембеков Камали Жұматайұлы. Туған күн иелерінің төртеуі-мерейгер. Барлығы 90 жасқа толды.
Мерейгерлер – И.И. Бижұмановқа, В.А. Шелудяковқа, В.А. Белоусовқа және Н.С. Пастуховқа құрмет көрсетілді. Қала әкімінің және Қазыбек би атындағы аудан әкімі атынан құттықтау хатын, «Халық банкі» ҚФ АҚ, Такси «9 регион», «Каргормаш-М» ЖШС және «Орбита базары демеуші ұйымдардан бағалы сыйлықтарды, Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Н. Шатохина, аудан әкімінің орынбасары Б.К. Үсенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Ш. Тұяқов табыстады. «Қазақстан-Қарағанды» телеканалында ардагерлерге құрмет көрсетілгені туралы репортаж көрсетілді, ақпарат «Е-Қарағанды» сайтында орналастырылды.
Үйдегі басқа ардагерлерді Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының мамандары аудан әкімдігі басшылығының атынанан және Қарағанды қаласының кәсіпкерлер палатасы, «Аланда» Медициналақ орталығы, «Машзавод № 1» ЖШС, СПА-салон «Siam spa», «Мерей» клиникасы, «QAZAQ BANKI» АҚ, «Газойлпром» АЗС, «Древний Рим» мейрамханасы жылы құттықтады.
Мерейгерлер - Бекбалаков Абушахман 103 жаста, Л.Е. Черепеничев (89), А.Ф. Степанова (93), В.В. Мякишев (93), А.Т. Шатилова (92), И.Е. Казаков (89), Н.Ф. Проценко (88), К.Ж. Дюсембеков (91), П.Л. Дыбыч (92) – (2015ж. 15.12. қайтыс болды) .
Әрқайсысына сыйлық, азық-түлік жиынтығын, гүл шоғын берді. Ардагерлер шын жүректен атқарушы билік пен тұрақты негізде бекітіліп берілген, демеушілерге алғыс айтты.
Мерейлі жылы «Көзі тірісінде - Ардагерге қамқорлық жаса» аудандық акциясы жалғасуда. Біз аудан бойынша қалған 94 майдангерлерге деген ықыластарына, қамқорлығына демеушілерге алғысымызды айтамыз, соның ішінде жыл соңында Қазақстанның басқа өңірінен келген-К.П. Кореньков (1926 ж.т), М.Н. Чернышева (1921ж.т.).