24 Желтоқсан 2015
2015 жылғы 23 желтоқсанда Балалар мен жасөспірімдер сарайында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі, Қазыбек би атындағы ауданының «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесіп, «Сбербанк России» АҚ ЕБ, «Wooppay» ЖШС, «Таир» СҮ, «Арай» базары демеушілерінің қолдауымен екі рет Жаңа жыл қайырымдылық шыршасын өткізді. Жаңа жыл мерекесіне «Лучик», «Арман», «Қамқор», «Үміт» қоғамдық бірлестіктерінің 200 мүгедек және жетім балалары шақырылды.
Мереке өте көңілді, ақ көңілмен және әсерлі өтті. Бағдарлама екі бөліктен тұрды, бірініші бөлігінде балалар «Кім Жаңа жылға барады» ертегісін көрді, екінші бөлігінде Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен Балалар мен жасөспірімдер сарайында ойын-сауық концерті болды. Балалар алған сыйлықтарына өте риза болды. Балаларды Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі мерекемен шын жүректен құттықтады. Әкім балалар мен ата-аналарға зор денсаулық, сәттілік пен бақыт тілей отырып, келе жатқан 2016 жыл қажырлы еңбек еткендерге және қойған мақсатына барлық жігерін салатындарға көмектесетінін атап өтті. Балалар келе жатқан жылдың символы «маймыл» ойыншығы мен тәтті сыйлық алды.
Әкімнің айтқан сөзі ата-аналар мен балаларға оң әсер берді, қатты қарлы боранға қарамастан балалар мерекеден кеткісі келмеді.
Көп балалалы отбасының ата-аналары мен мүгедектер қоғамының өкілдері көп алғыстарын білдірді.