Обновление 12 Августа (03:16)
  • Аппарат акима города Караганда
  • Аппарат акима Карагандинской области
  • Сайт Президента Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан
  • Портал Госзакупок Республики Казахстан

ҚР Тәуелсіздігі күніне мерекелік іс-шаралар

24 Желтоқсан 2015 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында     Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Н. Шатохинаның  Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тұрақты негізде әлеуметтік қолдау көрсету, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатты табыстаумен ауданның кәсіпорны мен ұйымдарының бірінші басшыларын   салтанатты қабылдауы  өтті. Татьяна Николаевна құттықтау сөзінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына олардың жеке үлесін қосқанын ерекше атап өтіп, соғыс ардагерлеріне материалдық көмегіне және қамқорлығына, көңіліне алғыс айтып, мерекемен құттықтады.
         Қарағанды қ. «Сбербанк России» АҚ ЕБ И.И. Скородиевскаяға қайырымдылық көмек көрсеткені үшін балалар мерекесін өткізуде, мемлекеттік мерекелерді өткізуде соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсеткені үшін Қарағанды қаласының құрмет грамотасы берілді.
         ҚР Тәуелсіздігінің 24-жылдығын мерекелеуге байланысты, «Қазақстан Конституциясын 20 жыл» медалі Концертті-цирк бірлестігінің директоры З. Мейрамбековке, мемлекеттік қызмет ардагері Р.М. Қимановаға табысталды.Қабылдаудың соңында естелікке суретке түсті.
        Сол күні 15 желтоқсанда  Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Үсенов Бейсен Қабдуалиұлы және ҚФ «Халық банкі» АҚ директорының орынбасары Айтжанов Ернар Жасқайратұлы Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Ыбырайұлы Бижұмановқа барды, сол күні 90 жасқа келді. 16 жасында өз еркімен Қызыл Армия майданыныа бозбала кезінде аттанған.  1-ші Белоруссия майданының құрамында соғысты. Новгород, Варшава қалаларын азат етуге және Берлин қаласын алуға қатысты, сонда Жеңіс күнін қарсы алды. «Отан соғысының 1 дәрежелі» ордені,   «Ерлігі үшін», «Варашаны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» ерлік наградалары және көптеген медальдары бар. Соғыс аяқталғаннан кейін, зейнетке шыққанға дейін мұғалімдік қызметте болды. 11 жыл  Қарағанды облысы Молодежный ауданының «Қазақстан» совхозында  мектеп директоры болды. Қазақ СРО және Ресей Федерациясының ағарту ісінің үздігі болып табылады.
          Мерейгердің үлкен тату отбасы жиналып, онда аудан әкімінің Құттықтау хаты мен майдангердің зайыбы тапсырыс берген демеушінің сыйлығы ыдыс-аяқ жиынтығы табысталды. «Бесінші канал» майдангер Ысқақ Ыбырайұлы Бижұманов туралы репортаж жасады. Туылған күн иесін сондай-ақ облыстық комиссариат басшылары құттықтады.

123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»