Обновление 15 Декабря (14:07)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының 2019 жылдың 9 айы ішіндегі жұмыс қорытындысы

25 Қазан 2019 

2019 жылдың 9 айы ішінде Қарағанды филиалы 1,7 миллионна астам мемлекеттік қызмет көрсетті, бөлімдердегі өзіне-өзі қызмет ету секторы арқылы азаматтар 800 мыңға жуық қызмет алды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы алғанда  13,1% артық. Филиал жұмыскерлері есептік кезең ішінде  мүгедектігі белгіленген топтағы тұлғалардың үйіне  1248 шығу жүзеге асырылды және  1463 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  

2019 жылдың 9 айы ішінде  алыстағы кент-ауыл тұрғындарына қызмет көрсету үшін шалғайдағы ауылдық елді мекендерге 520 шығу жүзеге асырылды және 12 455 қызмет көрсетілді.        

Бүгінде әр қазақстандықтың  тіршілік кезеңінің бәрі «Азаматтарға арналған үкіметпен» бірге өтеді. Туу туралы куәлік алу, жәрдемақы ресімдеу, бала бақшаға кезекке тұру, өзінің бірінші төлқұжатын және жеке куәлігін алу, барлық осы мәселелермен адамдарға көмекке келетін біздің қызметкерлер.  

Филиал облыс тұрғындарын  мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңалықтармен үнемі таныстырып тұрады. Қазіргі заманда тіршілік белсенділігінің жоғарылығынан керекті қызметті тез алу қажеттігі туындап отыр және біз автоматтандыру мен жеңілдету жұмыстарын жүргізудеміз. Сіздің ХҚО баратын уақытыңызды үнемдеу үшін,    Телеграм-Бот EgovKzBot іске қосылды. Мұның көмегімен қазақстандықтар қызметтің 20 түрін ала алады, сондай-ақ, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ және ХҚО өз қалтаңызға сала жүріп, санаулы минуттардың ішінде бірқатар сервистерді пайдалана аласыз.                                      

Мынадай сұрақты жиі естуге болады:  «Біз халыққа қызметті электрондық нұсқада алу мүмкіншілігіне үйрете аламыз ба?». Осы бағыттағы жұмыстарды Филиал үнемі жүргізуде. ХҚО-ға келгенде, әркім міндетті түрде өзіне-өзі қызмет ету секторына тап болады, мұндағы Филиал қызметкерлері ЭЦҚ-ны қалай алатынын,  egov.kz порталынан авторизациядан қалай өтуге болатынын және қызмет  алушыға қажетті қызметтің қай бөлімде болатынын ойына салады. Бүгінгі күні Telegram-бот арқылы- 20, ВКонтакте-дегі бот арқылы-19,  ал, Facebook-тан 15  мемлекеттік қызметті алуға болады. Танымал әлеуметтік желілерден боттарды іске қосу мемлекеттік қызмет ұсыну үшін қосымша алаңдарды құрайды.  Қызмет алу кезінде, пайдаланушы виртуалды кеңесшімен сұхбат құрады, анықтамалық ақпаратты egov.kz. мемлекеттік қызмет порталына көшусіз және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланусыз алуға болады, сұрау салуды  СМС-парольмен растаса,  жеткілікті.                  

Әлеуметтік желілердегі боттарды іске қосу ХҚО-ға әртүрлі анықтама үшін жүгіну баламасы түрінде есептеледі, электрондық қызметтерді смартфон арқылы алу мүмкіндігін іске асырады және біздің клиенттеріміздің уақытын үнемдейді.

Бұдан басқа, eGovmobile- электрондық үкіметтің жаңа мобилді қолданбасы іске қосылды. Жаңа қолданбадағы өзінің биометриялық деректеріне ЭЦҚ бекітуге болады және қызметке тапсырыс беру кезінде  сұрау салуды ұялы телефонын бұғаттан шығару кезіндегі сияқты өз Touch ID немесе Face ID растауға болады. Қазіргі кезде қолданбада 28 танымал мемлекеттік қызмет қолжетімді. Сонымен бірге, жақсы жетілдірілген eGovmobile ЭЦҚ-ны 4- мәндік PIN-кодқа немесе құрылғыға кіріктірілген биометрияға (Face ID, Touch ID)  бекітуге мүмкіндік береді. ЭЦҚ-ны бір рет PIN-кодқа немесе биометрияға бекіту,  әр жолғы қызмет алу және авторизациядан өту кезінде ЭЦҚ таңдауға және парольді енгізуге алаңдамауға мүмкіншілік береді.

Басында бұл қиын сияқты болып көрінді, алайда, Қарағанды және Қарағанды облысының көп тұрғындары анықтама алу кезінде  Telegram EgovkzBot-ты пайдаланудың ерекшелігін бағалады, енді азаматтар баламалы таңдау жасай алады.  

Қызмет алу кезінде, мессенджерлерді немесе әлеуметтік желілерді пайдалану дағдыларына үйренгісі келетін азаматтар үшін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері оқыту жүргізетін болады, тек кез келген Филиал бөліміндегі өзіне-өзі қызмет ету секторына жүгінсең болады. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне  кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңына сәйкес,        жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу қызметі 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап, Мемлекеттік корпорацияға берілді. 2019 жылдың 9 айы ішінде 116 035 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы» ҚР Заңына ағымдағы жылдың 2 сәуірінде енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу 2019ж.01.07 бастап, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ қалалық және аудандық филиалдары жүзеге асырады.  

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, 30 қыркүйекке дейін 1017 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2019 жылдың 9 айы ішінде техникалық тексеру бағыты бойынша – 18 979 қызмет көрсетілді, соның ішінде: техникалық төлқұжат жасау-17 354; техникалық төлқұжаттың телнұсқасын беру -362, құқықтық кадастрге енгізу бойынша-1 263 және мекенжайды, кадастр нөмірін түзету бойынша- 4 қызмет.                                                                                                                  

2019 жылдың 9 айы ішінде әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 74 322 құрады, соның ішінде 45 953- Республикалық бюджеттен, 28 369 -«МӘСҚ» АҚ.  

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің жалпы саны- 74 322:   

•         Мемлекеттік корпорация арқылы 55 955 мемлекеттік қызмет көрсетілді.   

Орталық филиалдың тапсырмасына сәйкес, 2019ж. 06.05 бастап, бэк-офистің мамандары «Көп балалы отбасы» куәлігін береді, есептік кезең ішінде 6918 куәлік берілді.

Зейнетақы төлемін алдын ала есептеу және кеңес беру бойынша пилоттық жобаны іске қосу жүзеге асырылды. Пилоттық жоба  жасы бойынша зейнетақы төлемін алдын ала есептеу және кеңес беру үшін, зейнеткерлік жасы 58 жасқа (әйелдер), 63 жасқа (еркектер) жеткенге дейін үш ай қалғанда ықтимал зейнеткерлердің  жүгінуін қарастырады.   

Жасы бойынша зейнетақы төлемін алдын ала есептеу мәселесі бойынша азаматтарға кеңес беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру аясында, 2019 жылдың 9 айы ішінде бэк-офистің бөлімшесіне- 1283 ықтимал қызмет алушы жүгінді. Осыған байланысты, болашақ зейнеткерлер  өтініш беру алдында зейнетақыны алдын ала есептеу үшін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша аумақтық бэк-офистерге жүгінуге болатынын түсіндіргіміз келеді.

Әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру жөніндегі зейнетақы заңнамасына сәйкес, 2019ж.01.01 бастап әйелдер үшін жасының 59 жасқа жетуі белгіленді. Филиал 1960 жылдың І-жартыжылдығында туған болашақ зейнеткерлерге (әйелдерге) хабарлама жасау және түсіндіру іс-шараларын жүргізді, зейнетақы тағайындау үшін,   олар егер 2018 жылы жүгінбеген жағдайда,  олар зейнетақыны 2019 жылы 58,6 жасында тағайындау құқығын жоғалтады, себебі 2019ж.01.01 бастап, әйелдердің зейнеткерлік жасы 59 жасты құрайтын болады.

Анықтамалық: 2020 жылдың 01.01 бастап, әйел адам зейнеткерлікке 59 жас 6 айында шығу құқығына ие болады.

2019ж.01.04 жағдай бойынша аудандық (қалалық) әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері 1960 жылдың екінші жартыжылдығында туған әйелдерге зейнетақы төлемін тағайындату үшін өз уақытында жүгінуді хабарлау жұмыстары жүргізілді (5141).  

2018 жылдың 11 қазанынан бастап, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018ж.09.10 №624 қаулысы заңды күшіне енді.  

Жоғарыда көрсетілген қаулыға сәйкес,  зейнеткерлік жасқа жеткен, алушы тұлғаларға санаты бойынша бірыңғай жинақтау зейнетақы қорынан шығатын зейнетақы төлемін тағайындау  Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы бір өтініш қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

 

 

Композиттік қызметке жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау,  мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және БЖЗҚ шығатын зейнетақы төлемі, сонымен бірге, мемлекеттік кепілдік бойынша қызмет көрсетудің проактивтік тәртібіне көшу енеді.   

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының жер кадастры жұмыстарының саласындағы тәжірибесі өте мол.  Филиалдың құрамында 18 құрылымдық бөлімше жұмыс жасайды, бұлар  Қарағанды облысының  бүкіл қалалары мен аудандарында орналасқан. Меншікті зертхана бар, онда жұмыс өтілі 20 жылдан асатын зертханашылар еңбек етеді, сонымен бірге бүкіл жұмысты білікті жерге орналастырушы инженерлер, жобалаушылар орындайды.

2019 жылдың  9 айының ішінде филиал және оның қалалық және аудандық құрылымдық бөлімшелері жер кадастры жұмыстарының көлемі бойынша саны 29311 қызмет,   соның ішінде 20284 монополиялық  және 9027монополиялық емес   жұмыс түрі  орындалды. 

Монополиялық қызмет түрлеріне:

- Жер теліміне арналған сәйкестендіру құжатын әзірлеу;     

- Топырақты тексеру;   

- Топырақты бағалау;   

- Жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау;         

- Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін ұсыну және кадастрлық ақпаратты пайдалану;   

- Жер телімдеріне кадастрлық нөмір беру;        

- Ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ мақсаттар үшін ауыл-шаруашылық алқабын алып қою кезінде ауыл шаруашылық өндірісі шығынын анықтау;

- Жер кадастры жоспарын дайындау;       

- Жобаланатын жер телімінің МЖК ААЖ  кескіндік деректерінің орналасқан жеріне сәйкес келуіне қатысты, жерге орналастыру жобасын келісу; 

-Жер ресурстары  жағдайының  және оны пайдаланудың кадастрлық картасын және атласын құрастыру;

-Елді мекендердегі бағалау аймақтары шекарасының сұлбасын құрастыру;

- Елді мекен жерлерінде қалыптастырылған есеп орамының электрондық  жер кадастрлық картасын құрастыру;

-Геоботаникалық тексеріс жатады.

Монополиялық емес жұмыс түрлеріне келесідей коммерциялық қызмет түрлері енеді:

- Жерді пайдалану  жобасын құрастыру;

- Жергілікті жер жер телімдерінің шекарасын белгілеу; 

- Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобалары;         

- Шаруашылық ішілік жерге орналастыру;        

- Шаруааралық жерге орналастыру;

- Жер телімдерін көлденеңінен және биіктіктен (топографиялық) түсіруді жүргізу; 

Мемкорпорацияның меншігінде аэрофототүсіру жұмыстарын орындауға арналған ұшқышсыз ұшатын аппарат (ҰҰА) бар.                  

- ұшқышсыз ұшатын аппаратты (ҰҰА) пайдалана отырып, аэрофототүсіру жұмыстары.                     

123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»