24 Қазан 2019
Қазіргі уақытта "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты" ММ алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тізімін жасау бойынша жұмыс жүргізуде. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан тұрғындарының назарына "Алқабилер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тізімімен танысу мүмкіндігі туралы жеткіземіз. Мекен-жай: Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 (№324, 427 кабинет). Байланыс телефоны: 8(7212)56-34-69.