Обновление 15 Декабря (13:19)

"Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты" ММ аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесіп "1 қазан - Қарттар күні" мерекесі қарсаңында аудан ардагерлерінің жастармен кездесуін өткізді.

03 Қазан 2019 

"Жаныңды жылы сөзбен жылытамыз" атты дөңгелек үстелдегі кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өтті. Оған Соғыс ардагерлері Т. И. Пастухова, В. А. Шелудяков,С. Г. Пономарева, еңбек ардагерлері-ардагерлер кеңесінің белсенділері, сондай-ақ, аудан әкімдігінің зейнеткерлері шақырылды. Кездесуге қатысушылар шай дастарханында әңгіме жүргізіп, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері арасында естеліктерімен және өз жоспарларымен бөлісті. Домбыра, гитараның сүйемелдеуімен ән шырқалды. Мәдени бағдарламаның ерекшелігі-«Шаңырақ» бала бақшасының кішкентай бүлдіршіндерінің құттықтауы болды. Мерекелік кездесу соңында ҚР Әнұраны орындалып, ардагерлерге сыйлықтар табыс етілді. Сол күні «Сарыарқа» мен «1-ші Қарағанды» арналарында аудандық әкімдік пен ауданның Ардагерлер кеңесінің біргіп өткізген мерекелік іс-шарадан репортаж көрсетілді.

Аудандық әкімдіктің қызметкерлері демеушілік ұйымдармен бірлесе отырып, соғыс ардагерлерінің үйіне барып, қалалық мәслихат депутаттары - ауданның ұзақ өмір сүрушілерінің үйлерінде болып, оларды мерекемен құттықтап,  сыйлықтар табыс етті.

 

"№38 гимназияда Қазыбек би атындағы ауданның "Ұстаз " педагогика еңбегінің ардагерлері мен оқушылардың кездесуі өтті. Кездесуде концерттік бағдарлама қойылып мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Гимназистер қонақтарды өз таланттарымен - әндермен, өлеңдер оқумен, сонымен қатар өздері шығарған өлеңдерін оқып қуантты. Мерекелік іс-шараға аға ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері С. Г. Пономарева қатысты.

Аудан ардагерлері мен зейнеткерлері 25- 26 қыркүйек күні Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрдің және Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің концерттік ХХШ маусымының ашылуына шақырылды.

123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»