Обновление 24 Октября (00:35)

Алтын жасты пір тұтамыз

01 Қазан 2018 

         2018 ж. 27 қыркүйекте халықаралық қарттар күніне орай Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның Ардагерлер кеңесі аудан әкімдігімен бірлесе  отырып, 1 қазанда қала күні аталып өтілетін Теміртау қаласына шығып, мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл мерекеге ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы мен қысқы бақты тамашалауға, сонымен қатар  Теміртау қаласының ескі бөлігіндегі жаңадан жөнделіп қолдануға берілген мәдениет және демалыс саябағында серуендеу үшін  Ұлы Отан соғысының ардагерлері Пономарева Серафима Григорьевна, Шелудяков Виктор Андреевич және Қазыбек би ауданының еңбек ардагерлері шақырылды.             

          Экскурсияны Теміртау қаласының бұрынғы тұрғыны, ҚР Президентінің серіктесі, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрайымы -  Вахитова Нина Тимофеевна  жүргізді.

          Соңында  кеншілер мәдениет Сарайы әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама көрсетіліп, мерекелік түскі ас берілді. Ардагерлер ән салып, би билеп, өлеңдер оқып, ескерткіш суретке түсті.

          Мереке барлықтарына ұнады.

123123
123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»