Обновление 20 Сентября (18:38)

«Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ Астана Күнін тойлау қарсаңында алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

09 Шілде 2018 

Бүгін Астана Күнін 20 - жылдығын тойлау қарсаңында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің салтанатты түрде Ант қабылдау рәсімі өтті. Жас мамандар Ант қабылдады:

Тимур Серикбаевич Шагатаев, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы,

Нұржас Маратұлы Жәкітай, жоспарлау және абаттандыру бөлімінің бас маманы, өздерінің қызметін мемлекеттік мекемесінде бастаушылар, бұл күн олар үшін екі есе салтанатты болды.

Іс-шараның салтанатты бөлігі аудан әкімі Татьяна Николаевна Шатохинаның құттықтау сөзінен басталды. Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасының заңнамасында тіркелген, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім болып табылатын адал мемлекеттік қызмет атқаруын тіледі. Сондай-ақ, осы атаулы күнімен жас мемлекеттік қызметшілерді Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Ғ.М. Мұқашев, Қазыбек би атындағы аудан ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Д. Т. Төрегелдина құттықтады.

Әрбір ант қабылдаған қызметкерлер, осы оқиғалардың жауапкершілігін және маңыздылығын түсінді. Жас мамандар Қазақстан Республикасының Конституциясын және  заңнамасын сақтауға, Қазақстан халқына адал және кәсіби қызмет етуге, мемлекет мүдделерін қорғауға және Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізуге, халықтың денсаулығының игілігі үшін қызмет етуге ант берді, содан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Салтанатты іс-шара эмоцианалды және патриоттық түрде өтті. Ант қабылдау рәсімнен кейін мамандар сыйлықтармен марапатталды және қызметтік куәліктер тапсырылды.

123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»