Обновление 21 Сентября (09:00)

«Спорт алаңын абаттандырамыз» акциясы

22 Мамыр 2018 

Ағымдағы жылдың 19 мамырда Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданды санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бойынша 2 айлық өткізу аясында  №23 мектептің ауласында өткізілген «Спорт алаңын абаттандырамыз» атты акцияның  қорытындысы шықты.   

Аталған мектептің басшылары өз мектептерінің ауласы мен спорт алаңында  өткізілген абаттандыру жұмысына белсене қатысты. Акцияны қолдау мақсатында қаланың коммуналдық қызметі  («Қарағанды Су» ЖШС, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, «Қарағанды қаласындағы ГорКомХоз» ЖШС, «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КМК, «Карат» ЖШС - Саран, Магазин «12 месяцев» , «РСУ по ремонту дорог» ЖШС, «Улар МК» ЖШС, «Қарағанды қаласындағы Горкомтранс» ЖШС) ойын алаңы мен ауланың эстетикалық көрінісін жаңартуға үлкен көмек көрсетті.

Көрсеткен күш-жігерлері мен еңбектері үшін коммуналдық қызметтің көзге түскен қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, сонымен қатар №23 мектептің басшылығы мен оқытушылар құрамы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің құрмет және алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара барысында жұмыстың  келесі түрлері орындалды:

- «Спорттық алаң - спорттық аула» қақпасы;

- нысанның төлқұжаты;

- «Саңырауқұлақ» құм алаңы;

- орындықтар орнатылды;

- тренажерлар, спорттық құрал-жабдықтар, жасыл футбол алаңдары жөнделді;

- Сыртқы жарықтандыру өткізілді;

- бұталар мен ағаштар отырғызылды.

Бұл спорттық аула тек дене шынықтыру мен спортқа арналған орын ғана емес, сондай-ақ балалар мен егде жастағы адамдар үшін демалыс орны болып табылады.

123123
123123
123123
123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»