Обновление 19 Декабря (03:21)

«Болашақ жемқорлықсыз» Форумы

28 Наурыз 2018 

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ғимаратында басталған «Адал жол» атты жемқорлыққа қарсы марафон аясында «Болашақ жемқорлықсыз» форумы өтті.

Форумның мақсаты - оқу процесінің барлық субъектілерінің жемқорлыққа қарсы мәдениетін түсіндіру және өмірдің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау. Форумды ұйымдастырушылар Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік Қызмет Істері және Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл Агенттігінің Департаменті болды.

Форумға Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері, облыстың мемлекеттік қызметкерлері, жастар үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Қарағанды қаласынан Теміртау қаласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафетаны салтанатты түрде берілді. Эстафета біздің облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтиды.

123123
123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»