Обновление 19 Февраля (01:45)

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өтті.

14 Ақпан 2018 

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Н.Шатохинаның 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылдың 05 ақпанындағы №190 «Орталық атқарушы органдары басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының тұрғындармен есептік кездесуін өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі өткізіледі. Есептік кездесудің мақсаты қазақстандық қоғамды әрі қарай демократизациялау, жауапкершілікті арттыру, атқарушы органдардың жұртшылық алдында жауапкершілігі, оларды мемлекеттік басқару процесіне тарту.
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі Т.Н.Шатохинаның есептік кездесулері бекітілген кестеге сәйкес 6 ақпанда «Балалар және жасөспірімдер сарайы» ҚМҚК, 7 ақпанда «Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті» ҒМ және үшінші кездесуін әкім 9 ақпанда Қарағанды қаласының «Достық Үйінде» өткізді.
Аудан әкімінің есептік кездесуіне ауданның 1014 тұрғыны, оның ішінде: соғыс, тыл ардагерлері, облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, кіші және орта бизнес, діни өкілдер, қызмет көрсетуші органдар, БАҚ өкілдері және  полиция қызметкерлері қатысты.
Есептік кездесулерде Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының тұрғындары атынан 82 сұрақ, оның ішінде: қыс мезгілінде жолдарды тазарту, қураған ағаштарды кесу, аула аумақтарын абаттандыру, қоқыстарды шығару жергілікті полицияның қызметі, жолаушылар тасымалдау бойынша транспорт, электрмен, сумен жабдықтау және т.б. мәселелері көтерілді. Көптеген сұрақтар бақылауға алынды. Барлық берілген сұрақтар бойынша аудан әкімі, сонымен қатар коммуналдық қызметтің өкілдері толық жауап берді. Кездесудің қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін табу үшін іс-шаралар жоспары жасалды.

123123
123123
123123
123123
123123


Вернуться назад

2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»