Ұжымдағы Моральдық – психологиялық ахуал- мемлекеттік органның сапалы жұмысының негізі

Әдеп жөніндегі өкіл қызметінің бірден-бір бағыты ұжымдағы моральдық – психологиялық ахуалдың жағдайы жөнінде мониторинг жүргізу.

         Құпия емес, ұжымдағы жағымды моральдық – психологиялық ахуал, қызметкерлердің бір-біріне деген жылы қарым-қатынасы - әр  мемлекеттік қызметкердің жұмысына жағымды әсерін тигізеді, нәтижесінде  мемлекеттік орган қызметінің мәртебесі жоғарлайды.

         Осы мақсатта «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ әдеп жөніндегі өкілі үстіміздегі жылы  Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан аппаратының мемлекеттік қызметкерлері арасында 2 рет жасырын сауалнама жүргізді.

         Сауалнама қорытындысы бойынша ұжымда моральдық – психологиялық ахуал қалыпты. Белгілеу барысында мемлекеттік қызметкерлер сыпайылылық, әріптестердің әдептілігі, тікелей басшылар көзқарасының әділділігі, басшылардың ұжым арасында  іскерлік қарым-қатынастарды  қалыптастыруға бейімділілігі, тікелей басшыларына деген сенімділікті байқатты.

         Жасырын сауалнаманың қорытындысы бойынша жинақ ақпарат Қарағанды облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі өкіліне жіберілді.  

         Үстіміздегі жылы әдеп жөніндегі өкіл қызметі аудан әкімі аппаратында тәртіптік жағдайға талдау жасады. Талдау қорытындысы  мемлекеттік қызметкерлердің өздеріне тиісті қызметтік жауапкершіліктерді дұрыс орындамау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін немқұрайды қарағандары, мемлекеттік қызмет көрсетуде жіберілген олқылықтар негізінде   тіәтіптік жазаға тартылғандары анықталды.

         Осыған байланысты қолданыстағы заңнамалдарды түсіндіру, оқыту, системалық жүйеде мемлекеттік қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру бойынша жүргізілетін іс-шаралардың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

         Аудан әкімі аппараты қызметкерлері тарпынан қызметтік тәртіп нормаларын бұзу фактілері туындаған жағдайда азаматтар жазбаша немесе ауызша түрде Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан аппаратының тәртіп жөнінде уәкіліне немесе Қарағанды облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі өкіліне немесе ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне хабарласуға болады.  

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»