«Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметкерлер арасында әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар

«100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспардың кәсіби мемлекеттік аппаратты құру туралы 12-ші бөлімін орындау барысында Қазақстан республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Бұйрығы бекітіліп, 2016 жылдың  1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидалары) және әдеп бойынша өкіл туралы Ережесі кіргізілді.

                Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 стратегиясында ең жоғары этика және кәсіпқойлық тиімді мемлекет құрудың басты критериі болып табылатынын атап айтты.

         Осыған байланысты әдеп жөніндегі өкілдің жаңа институтын енгізу, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер арасында жанжалға байланысты істерді азайтуға бағытталған, сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласында этикалық құқық бұзушылықтың профилактикалық шарасы болып табылады.

         Әдеп бойынша өкілдің негізгі міндеті- мемлекеттік қызметкерлер арасында қызметтік этика нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп кодексі заңдылықтарының бұзылу барысында профилактикалық шаралар жүргізуді қамтамасыз ету.

         Қойылған талаптарды жүзеге асыру мақсатында «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ-нің әдеп жөніндегі өкілі А.А.Айсановамен үстіміздегі жылдың III  тоқсанында мемлекеттік қызметкерлер арасында этика нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сонымен қатар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» заңдылықтары бойынша 3 семинар-кеңес өткізілді.

         Бұл бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»