Отчет акима района перед населением

Есепті жылы Қарағанды қаласының Қазыбек би аудан әкімі аппаратының жұмысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды. Өткен жылдың ең маңызды оқиғасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық тары жүргізілуде. Тіршілікті қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің ерекше бақылауында. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері «Теплотранзит Караганда» ЖШС жылу жүйесін ретке келтіру тобымен және үйлерді басқару органдары қызметкерлерімен бірге жылу беру маусымының сапалы өтуін жүйелі түрде қадағалайды.

БАСТЫ МЕЖЕ-ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы болды. Жолдауды жүзеге асыру аясында Үкімет пен халық арасындағы диалогты қамтамасыз ету мақсатында «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске қосу туралы айтылды. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты өз жұмысында өзара іс-қимыл, ашықтық, құрмет және сенім қағидаттарын ерекше ұстанады. Осыған байланысты аудан тұрғындарының мәселелерін жедел шешу үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет және ресми Instagram-аккаунт іске қосылды. Бүгінгі күні Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданда 277 847 адам тұрады, 45 мыңнан астам зейнеткер, 25 – Ұлы Отан соғысына қатысушы, 2054 – тыл ардагерлері, 2 – Социалистік Еңбек Ері, 762 – жалғызбасты зейнеткер бар. Оның ішінде 720 зейнеткерге үйде қызмет көрсетіледі. Аудан әкімдігінің барлық жұмысы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Қазіргі қала құрылысының өзекті мәселелерінің бірі абаттандыру болып табылады. Ол халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ете отырып, жайлы да ыңғайлы тіршілік ортасын құру міндеттерін шешеді. Бүгінгі күні ауданда 438 аула аймақтары бар. Есепті жылы 50 аула алаңдарында абаттандыру жұмыстары жүргізілді (жаңа қала секторы бойынша – 19 аула аймағы, Михайловка секторында – 13, Оңтүстік Шығыс, Федоровка секторларында – 18 аула аймағы абаттандырылды). Абаттандыру жүргізілген аула аймақтарында асфальт жабындылары қалпына келтірілді, жол жиегіне ернеутастар, жол кедергілері, қоқыс жәшіктері мен орындықтар, сонымен қатар жарық беру бағандары орнатылды. Ағымдағы жылы біз тағы 53 ауланы абаттандыруды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ, бұрын абаттандырылған аулаларға қосымша балалардың 50 ойын кешенін орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар, есепті жылда келесі мекен-жай бойынша 5 шағын сквер абаттандырылды: Полетаев көшесі, 13; Гоголь көшесі, 28; Гапеев көшесі,16; Бұқар жырау даңғылы, 28 а; Язев- Университетская көшелері. Мұнда да қоқыс жәшіктері, орындықтар, жарық беру бағандары орнатылды, жаяу жүргіншілер жолдары салынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Есепті жылы ауданда 6 өтпе жолдарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді: 1. Әлиханов көшесі, 22/1-ден Әлиханов көшесі, 28/2 дейін; 2. Сатыбалдин көшесі, 13 («Балапан» бала бақшасының бойы) Республикалар даңғылы, 22-ге дейін; 3. Рысқұлов көшесінен (Гапеев көшесі, 16 үйдің бойы) Мұқанов көшесіне дейін; 4. Н.Назарбаев даңғылынан (Станиславский атындағы театрдың бойы) Лобода көшесі, 46-ға дейін; 5. Гоголь көшесінен (№52 мектептің бойы) Н.Назарбаев даңғылы, 45-ке дейін; 6. Ержанов көшесі («Мерей» бала бақшасының бойы) 25-ші үйге дейін. Барлық атқарылған жұмыстар 2 жылдық кепілдік міндеттемелерге ие. Өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес, аудан аумағын қардан және кездейсоқ қоқыстан санитарлық тазалау тұрақты негізде жүргізіледі. Қарағанды қаласы ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметімен (одан әрі ЖПҚ ПБ) бірлесіп аумақты абаттандыру ережелерін бұзу фактілеріне жол бермеу жұмысЕсепті жылы Қарағанды қаласының Қазыбек би аудан әкімі аппаратының жұмысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды. Өткен жылдың ең маңызды оқиғасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық тары жүргізілуде. Тіршілікті қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің ерекше бақылауында. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері «Теплотранзит Караганда» ЖШС жылу жүйесін ретке келтіру тобымен және үйлерді басқару органдары қызметкерлерімен бірге жылу беру маусымының сапалы өтуін жүйелі түрде қадағалайды. 2019-2020 жылдары жылу маусымына дайындық барысында басқару органдары тарапынан 43 үйдің үйішілік жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізілді, 79 жаңа элеватор торабы, 115 жылу торабы, 17 электр қалқаншалары ауыстырылды. 319 үйдің жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артты. «Теплотранзит Караганда» ЖШС жылу жүйесінің 9 940 шаршы метр жылу желілері ауыстырылды, оның ішінде 510 шаршы метрі – магистральді жылу құбыры, 9430 шаршы метрі – жылу жүйесін тарату құбыры. Суды бұру және сумен қамтамасыз ету саласында 20 992 шаршы метр су құбыры желілеріне ауыстыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 4602 шаршы метрі суды бұру бойынша, бұл су ысырабы мен су жүйелерінің істен шығу оқиғаларын азайтуға мүмкіндік береді. Жалпы 1466 көпқабатты үйлерде жылу маусымы қалыпты жағдайда өтеді. Аудан аумағында төрт автономды жылу жүйесімен (АЖЖ) жылытылатын техникалық дайындық паспортын алған 8 үй бар. Күнделікті гидравликалық параметрлердің (қысым, температура) мониторингі жүргізіліп тұратын 33 «соңғы» үйлер ерекше бақылауға алынған. Бүгінгі күні 337 көпқабатты тұрғын үйлер 862 лифтімен жабдықталған, істен шыққан лифтілер саны – 33, оларды биылғы жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жөндеуден өткізу жоспарлануда. Аудан әкімдігі қызметінің негізгі бағыттарының бірі кондоминиум объектісін басқару органдарымен көпқабатты тұрғын үйлерді толық қамтуға қол жеткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Өткен жылы аудан әкімі аппараты қазіргі басқару органдары, коммуналдық қызметтер, Қарағанды қаласының ІІБ ЖПҚ бірлесе отырып 378 тұрғын үйде 578 жалпы жиналыс өткізді. Жоғарыда айтылған жұмыстың қорытындысы – 23 көпқабатты тұрғын үйде заңды басқару жүйесі құрылды, иесіз қалған 38 үйде басқару жүйесін ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда. Көктемгі екіайлықты және күзгі айлықты өткізу шеңберінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен 10 сенбілік және 11 санитарлық бейсенбілік өткізілді. Өткізілген жұмыстар аясында 15 мың гектар жер аумағы тазаланды, оларға 3 мыңнан астам ұжым жұмылдырылып, 125 мыңнан астам адам қатысты. Жұмылдырылған техникалардың күшімен жалпы көлемі 2000 мың метр кубтан астам 20 мыңнан аса рұқсат етілмеген орындарда пайда болған қоқыстар шығарылды, 1500-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстарға 200-ден аса техника жұмылдырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының басты бағыттарының бірі болып табылады. АХАЖ бөлімі азаматтық хал актілерінің 9 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Өткен жылы 40 375 мемлекеттің қызмет көрсетілді, оның ішінде 17 996 – баламалы негізде азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде, 20 168 – Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және 2 211 қызмет – «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер. Біздің жұмысымыздың сапасын бағалау, әсіресе, қала тұрғындары үшін өзекті болып табылатын мәселелермен танысу, азаматтардың хаттары, шағымдары және өтініштерімен жұмыс істеу арқылы білінеді. Есепті жылы 1884 өтініш тіркеліп, аудан әкімі аппаратының қабылдауында 152 адам болды, барлық өтініштер уақытында қарастырылды, сонымен қатар, келіп түскен өтініштердің басым бөлігі қызметкерлердің сол жерге барып қарастыруы негізінде орындалады. Өткен жылы есепті кездесуді өткізу барысында 79 өтініш түсті, бір де бір өтініш ескерусіз қалған жоқ, әр мәселе жете қарастырылып, оларға қатысты нақты шаралар қабылданды. Талас тудыратын даулы мәселелерді соттың қарауына дейін қарастыру мақсатында 6 адамнан құрылған кәсіби емес медиаторлар тобы жұмыс істейді. «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ мен №2 Қазыбек би атындағы аудандық сот арасында бекітілген меморандум аясында медиатор кабинеті ашылып, жұмыс істеуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің қызметтің басты бағыты. Стратегиялар мен жоспарлар орындалуда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинарлар мен тренингтер тұрақты түрде өткізіледі. Біздің қызметте ең басты орын алатын жайт – әлеуметтік мәселе және оның шешімін табу. Аудан әкімінің аппараты Ардагерлер кеңесі, «Nur Otan» партиясының Қазыбек би аудандық филиалы және меценаттармен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ауданның ұзақ өмір сүрушілері мен халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрақты түрде қолдау көрсетіп тұрады. Есепті жылы Халықаралық әйелдер күні, Жеңіс күні, Наурыз мейрамы, Қарттар күні, Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту аясында қайырымдылық және мәдени іс-шаралары өткізілді. Үстіміздегі жылы біз Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерекесін, Алтын Орданың 750 жылдығын, Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл, Әл-Фарабидің туғанына – 1150 жыл, ғалым, тарихшы, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына – 185 жыл және Совет Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуын атап өтеміз. Мерейтойлық даталарды мерекелеу құрметіне түрлі мәдени-бұқаралық және спорттық, сондай-ақ, қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Құрметті жерлестер! Бұл – өткен жылы аудан әкімі аппаратының Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі, облыс және қала басшылығы қойған міндеттер аясында жүргізген жұмыстарының бір бөлігі ғана. Біз ауданымыздың қарқынды дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін қолымыздан келгеннің бәрін де жасаймыз және сол мақсатқа барлық күш-жігерімізді саламыз.

 

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»