Обновление 18 Сентября (09:06)

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының көп қабатты тұрғын үйлеріндегі жылу маусымының өтуі туралы ақпарат

Қазіргі күні Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан аумағында 153 көп қабатты тұрғын үй орналасқан, оның ішінде жылытылатындары:

  1. 1.            Орталық жылумен қамтамасыз етуден  – 1461 көп қабатты тұрғын үйлер:
  • 798 үйлер ЖЭО-3 жылытылады;
  • 663 үйлер ЖЭО-1 жылытылады;
  1. 2.            8 үйлер төрт АСО жылытылады;
  2. 3.            61 үйлер жылыту үшін пеш және электрмен жылытуды пайдаланады.

Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан бойынша 1461 МЖД:
Барлық тұрғын үйлер қосылған. .
2018-2019 жж жылу маусымына дайындығын талдау көрсеткендей, өткен жылғы тұрғын үйлердің дайындығымен салыстырғанда осы жылы тұрғын үйлерді сапалы тапсыру бойынша оңтайлы динамика қаралуда. Бұдан бұрын тұрғын үйлерде өткізілген жалпы жиналыстар оң нәтиже көрсетті, жылумен қамтамасыз ету жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді, 75 астам элеваторлық түйіндер, 58 жылу тораптары ауыстырылды,  117 үйде сумен жабдықтау жүйесіне ауыстыру жүргізілді, 98 тұрғын үйде канализациялар ауыстырылды.
Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан бойынша барлық 1461 МЖД қосылған және жылу беру жағдайында.
Аудан аумағында АСО арқылы жылытылатын 8 тұрғын үй бар:
1) Вагонная көш., 1 және 3 (пәтерлердің жалпы саны -180, басқару органы «УЮТ-08» ПИК (Касанов А.К.). «Энергосевис» ЖШС сараптамалық ұйымымен жуу, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2018-2019 жж жылу маусымының дайындығы туралы энергетикалық қорытынды берілді. Көмір қоры – 15 тн. Қазандық 2018 жылғы 6 қазанда іске қосылды (дайындығы туралы паспорты бар).
2) ул. Вагонная, 2/1, 2/2 және 2/3 (пәтерлердің жалпы саны – 72). Басқару органы «Комфорт - 08» ПИК (Жизицкий П. П.). «Энергосевис» ЖШС сараптамалық ұйымымен жуу, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2018-2019 жж жылу маусымының дайындығы туралы энергетикалық қорытынды берілді. Көмір қоры – 15 тн. Қазандық 2018 жылғы 6 қазанда іске қосылды (дайындығы туралы паспорты бар). Көмір қоры – 10 тн. Қазандық 2018 жылғы 8 қазанда іске қосылды.
3) Заводской ықшауд., 1 және 2. (Басқару органы «Заводской» ПИК (төрағасы – Чаплинский А.Ф.). «Заводской» ПИК жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қысымын тексеру, жуу жүргізілді. Тұрғын үйлерді жылыту «КурылысМет» ЖШС тиесілі № 1 өнідіріс АСО арқылы іске асырылады. (№ 1 өндіріс бастығы Наумов А.А.). Көмір қоры – 20 тн. Қазандық 2018 жылғы 8 қазанда іске қосылды.
4) Бұқар жырау, 87 (Пәтерлердің жалпы саны - 27). Үйді жылыту «Қалалық коммуналдық шаруашылық» ЖШС балансындағы АСО арқылы іске асырылады (директоры Писарев С.Н.). «Энергоэксперт и К» ЖШС сараптамалық ұйымымен жуу, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2018-2019 жж жылу маусымының дайындығы туралы энергетикалық қорытынды берілді (дайындығы туралы паспорты бар). Көмір қоры – 15тн. Қазандық 2018 жылғы 1 қазанда іске қосылды.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған қазандықтардың қажетті көмір қоры бар.
Жылу маусымының өтуі кезеңі аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауына алынған.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының көп қабатты тұрғын үйлерінде басқару органдарын құру.

Қазіргі күні «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ жұмысының басты бағыттарының бірі көп пәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум объектілерін басқару органдарымен қамтуға қолжеткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру  болып табылады.
Қарағанды қаласы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында аудан әкімінің аппаратымен басқару органдары жоқ, көп қабатты тұрғын үйлерде жалпы жиналыстар өткізу жөніндегі жұмыстар жандандырылды. Аталған жиналыстарға жұмыс істейтін басқару органдары шақырылып, олар пәтер иелерін өздері көрсететін қызмет түрлерімен таныстырады. Көптеген меншік иелерінің пікірлерін анықтау үшін бізбен кешкі уақытта 2 жиналыстан өткізіледі, бұдан кейін кворум болмаған жағдайда тұрғын үй тұрғындарының бастамашыл топтарының күшімен әр пәтер бойынша жазбаша сауалнама жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 10 ай ішінде аудан әкімінің аппаратымен 389 тұрғын үйде жұмыс істейтін басқару органдарымен сонымен бірге «Теплотранзит Караганда» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, «Қарағанды қ. қалалық коммуналдық шаруашылығы» ЖШС, Қарағанды қаласының ІІБ ЖПҚ бірлесіп, 429 жалпы жиналыс өткізілді.
Жоғарыда аталған жұмыстың нәтижесі ол қазіргі күні 117 көп қабатты иесіз тұрғын үйлерді заңды тұлғалардың басқаруы болып табылады.
Сондай –ақ аудан әкімі аппаратының басқару органдарымен өзара әрекеттестігін жақсарту мақсатында аудан әкімінің және әкім орынбасарының төрағалық етуімен ПИК төрағаларын, ЖШС, ЖК, коммуналдық қызмет директорларын, Қарағанды қаласының ІІБ ЖПҚ шақырып, «Басқару органдарының күні» өткізіледі, онда коммуналдық сипаттағы едәуір проблемалы мәселелер талқыланады.
Сонымен бірге аудан тұрғындарының басқару органдарымен өзара әрекеттестігін жақсарту мақсатында бізбен аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінен, коммуналдық кәсіпорын өкілдерінен, Қарағанды қаласының ІІБ ЖПҚ учаскелік инспекторларынан тұратын жеделдетілген топ құрылды, олар басқару органдарымен бірлесіп коммуналдық сипаттағы едәуір маңызды проблемалы мәселелерді қарастыру, оларды сол жерде шешу жөнінде тұрғын үйлердің тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Көп қабатты тұрғын үйлерді бойынша жағдайлар мынадай:
Барлығы 153 көп қабатты тұрғын үй орналасқан, оның ішінде 1344 үйдің (87,8%) 538 басқарудың түрлі нысандары бар, нақты айтқанда:

  • 78 ПИК 647 тұрғын үйге қызмет көрсетеді (42,3%);
  • 13 ЖШС 206 үйге қызмет көрсетеді (13,5%);
  • 19 ЖК 63 үйге қызмет көрсетеді (4,1%);
  • 428 үйлер (27,9%) – «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 7 тарауының 42 бабының 2.1. тармағына сәйкес – кондоминиум объектісін басқару түрі оған қатысушылардың келісімімен анықталады. Мұндай түрлері ТББ (егер олардың саны жиырма пәтерден аспаған жағдайда барлық меншік иелерімен  тікелей бірлесіп басқару) бола алады.
  • 186 үй (12,2%) заңды тұлғалардың басқаруы жоқ – «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 7 тарауының 42 бабының 2.3. тармағына сәйкес кондоминиум объектісін үшінші (бөгде) тұлғалардың сайланбалы немесе жалданбалы жеке тұлғалардың – тұрғын үйлерді басқарушылардың (менеджерлердің) немесе заңды тұлғалардың бақаруы: кондоминиум объектісін басқару үшінші (тараптармен) тұлғалармен анықталады.

Көп қабатты тұрғын үйлерді толықтай қамту мәселесі ерекше бақылауға алынған.

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»