Абаттандыру және ауданның санитарлық жағдайы

2018 ж. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының сыртқы келбетін одан әрі жақсарту, аула аумағын жайластыру, абаттандыру саласындағы қолданыстағы саясатты практикалық түрде іске асыру, сондай-ақ тұрғындар демалысы үшін тиісті жағдайлар жасалынды.

  1. 50 аула аумағын абаттандыру:

- Жаңа қала секторы (18 аула аумағы)
 - Михайлов секторы (12 аула аумағы)
- Оңтүстік-Шығыс, Федоровка ауданы (20 аула аумағы)
Аула аумақтарын абаттандыру жобасының құрамында келесі элементтерді орнату қарастырылған: асфальт жабынын қалпына келтіру, жиек тастарды, жолға жасанды бұдырлық, қонақ тұрақтарын, қоқыс салатын жәшіктерді, орындықтарды және жарықтандыру тіреулерін орнату.
II. 4 саябақты абаттандыру:


Атауы

1

Шапағат ықшам ауданы

2

Өлкетану мұражайының аумағы

3

Гапеев к-сі, 5 үй

4

Иттерді серуендетуге арналған алаң, Карбышев к-сі, 12 үй

Саябақтарды абаттандыру жобасының құрамында келесі элементтерді орнату қарастырылған: жиек тастарды, қонақ тұрақтарын, жаяужол, жарықтандыру тіреулерін, қоқыс жәшіктері мен орындықтарды орнату, көгалдандыру (ескі ағаштарды кесу, жаңа ағаштар мен көгал шөптерін отырғызу); көп жылдық гүлдер көшеттерін отырғызу; жолға жасанды бұдырлық орнату және экспозициялар қою.

7 шағын саябақты абаттандыру:


Атауы

1

Университет к-сі, 29 үй

2

Молоков к-сі, 94 үй

3

Орбита ықшам ауданы

4

Язев к-сі, 13а үй

5

Күнгей ықшам ауданы

6

Осевая к-сі

7

Ержанов к-сі, 30 үй

Шағын саябақтарды абаттандыру жобасының құрамында келесі элементтерді орнату қарастырылған: жиек тастарды, жаяужол, жарықтандыру тіреулерін, қоқыс жәшіктері мен орындықтарды орнату, көгалдандыру (ескі ағаштарды кесу, жаңа ағаштар мен көгал шөптерін отырғызу); экспозициялар мен қоршау орнату.
IІІ. Аудан аумағын күтіп ұстау. Аумақты жинау, шөпті шабу, жасыл көшеттерді күту, ауладан шығу жолдарындағы қарды жинау және шығару бойынша жұмыстар жоспарланған.
IV. Сондай-ақ Қазыбек би атындағы аудан бойынша рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар санының ұлғаюына байланысты бағдарлама бойынша 17 000,0 м3 көлеміндегі 34 қоқыс орнын жою жұмыстары жүргізілді.
V. Аудан тұрғындарынан келіп түскен өтініштерге жүргізілген талдау қорытындылары бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
- профилактикалық дезинсекция қызметін көрсету бойынша өңдеуге жататын алаң – 157 314 м2, 1 шаршы метрдің құны – 10 теңге;
- профилактикалық дератизация қызметін көрсету бойынша өңдеуге жататын алаң – 337 800,0 м2, 1 шаршы метрдің құны – 15 теңге;
VI. 2016-2017 жж. бойынша жүргізілген талдауға сүйене отырып, 2018 жылға 130 туысы жоқ мәйіттерді жерлеу жұмыстары жүргізілді.

Государственные символы

Караганда 11°C

Ветер: 1 м/с, Влажность: 38%
2007-2013 © Информационный портал Аппарата акима
района имени Казыбек би города Караганды
© 2013 Разработка и поддержка:
Интернет компании «Creatida»